Закрыть

Закрыть

«ТӘУЕЛСІЗДІК КЕМЕСІНДЕ»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
КОЛЛЕДЖ

​Алматы қаласында 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 15-00. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК КЕМЕСІНДЕ» шығармашылық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Мерекелік көрменің ашылу салтанатына арнайы келген Қазақстанның өнер саласынын өкілдері ыстық құттықтау сөздерін жолдады: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы Өкілдігі жобаларының бас координаторы Ершиманова Гульнара Орынбасаровна,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық өнертанушылар ассоциациасының мүшесі, профессор Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы,
«Қазақстан Республикасының көркем академиясы» президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақанаев Амандос Атибаевич,
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекботаев Нүркен Жолбарысович,
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Вице-Президенті Серкан Кеңесұлы Аязбаев,
Ә.Қастеев атындағы МӨМ директорының көрме қызметі және сыртқы байланыс жөніндегі орынбасары Хожамуратова Алтынжан Сәрсембайқызы,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, өнертану магистрі, өнертанушы Ыдырыс Зухра, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледж басшысы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Жумахметова Зура Жумахметовна.
​Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырылған бұл көрмеде колледж студенттері, түлектері мен оқытушыларының кескіндеме, мүсін, графика, дизайн және сәндік-қолданбалы өнер саласындағы символикалы түрде 30х30 өлшемді 100-ден астам бірегей туындылары қойылды. Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнерін, бүкіл кең байтақ Отанымыздың әсем табиғатын, қала пейзаждарын қылқаламмен жеткізу ойластырылған. Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласты осы көрме арқылы көрсетуде.
​Бұл көрменің басты мақсаты – Қазақстанның бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнерін кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, азаматтық сезімдер мен тәуелсіздік құндылықтарын білуге ​​тәрбиелеу болып табылады.
​«ТӘУЕЛСІЗДІК КЕМЕСІНДЕ» көрмесінің соңында осы шараның каталогы шығарылады.
​Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, мерекеге арналған көрмені тамашалауға шақырамыз!!!
Көрме 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін жалғасады.

«ТӘУЕЛСІЗДІК КЕМЕСІНДЕ» көрмесі туралы есеп

Нағыз тану – сіздің картиналарыңыз сатып алынған кезде

Тәуелсіздік кемесінде