Закрыть

Закрыть

Біздің түлектер

Төреғали Төреәлі

%d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%bd%d0%b0%d0%b7%d0%b2%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%8f

1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған (2009-2011). Бірнеше студенттер айтысының жеңімпазы, Республикалық айтыстардың жүлдегері.

Асылхан Толепов

 

        Асылхан Төлепов – Қазақстан актеры.  2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал бола бастады.  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанында ашылған колледждің професссор Есім Сегізбаев класын тәмамдаған. 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» шығарған Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президенттің досы Ғалидің рөлін сомдаған.  “Жаужүрек мың бала” фильмiнде көрсеткен ерлігі мен шеберлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталды. 2013 жылы – “Серпер” Жастар сыйлығының иегері.

2011 жылы «Жаужүрек Мың бала» фильміндегі басты кейіпкер мыңбала Сартайдың рөліне ие болған.