Закрыть

Закрыть

Мектеп-интернат

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА (көркемсурет бағыты бойынша)
2023-2024 оқу жылына 7 сыныпқа оқушыларды қабылдау:

І тур – Іріктеу туры:
– іріктеу туры 1 маусым – 14 маусым

      Талапкер А3 форматында шығармашылық жұмыстарын дайындап, барлығы 10-12 жұмыс (сурет 4, кескіндеме 4, үйлестіру 4 жұмыс) көрсетеді;
1 маусым – 14 маусым консультация кесте бойынша (сурет,кескіндеме, үйлестіру);
– сайтта бейнеконсультациялар (бейнесабақтар);

ІІ тур – ҚАЛЫПТЫ режимде:

– І турдан өткендер құжаттарын қабылдау комиссиясына тапсырады, құжаттарды
қабылдау қалыпты режимде 1 маусым–15 маусым аралығында;
– қабылдау емтихандары (сурет,кескіндеме,үйлестіру) 16 маусым – 20 маусым

Қабылдау емтихандарына талапкерлер топ бойынша (топ тізімі
сайтта болады) 16-20 маусым аралығында сағат 08:30 бастап
Ә.Кекілбайұлы көшесі, 133 адресіндегі мектеп-интернатқа
ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА кіргізіледі.

– конкурс 23 маусым 2023 ж.
қабылдау (түскендер тізімі) 25 маусым сайтқа шығады

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар:
(іріктеу турынан өтіп, рұқсат алғаннан кейін)

1. ата–ананың өтініші;
2. баланың туу туралы куәлігі, ЖСН (2 көшірме);
3. 1-6 сыныптағы оқу үлгерімі жөніндегі табельдері (директор қолы, мектеп
мөрімен бекітілген көшірмелері);
4. медициналық анықтама №075/у (ФГ қажет емес), 026/у-3 (денсаулық паспорты)
5. 3х4 көлеміндегі фото – 4 дана ;
6. қабылдау емтиханына рұқсат қағазы.

Сұрақтар бойынша телефондар: 8/727/395-12-43 (1 маусымнан бастап)
                                                                   8/727/395-12-49 (жұмыс уақытында)

Сайт: college.кaznai.kz (мектеп-интернат талапкері бөлімі)
Instagram: кaznai.college.kz
Қабылдау комиссиясы

Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізу ЕСЕБІ


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!

18.11.2022 ж. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Республика күніне орай «Ұлттың ұлы ұстындары» атты республикалық шығармашылық конкурсы ұйымдастырылған.     

«Ұлттың ұлы ұстындары» Республикалық шығармашылық конкурсының қорытындысы бойынша  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледж оқытушысы Қанкелді-Калимова Толқын Мұхитқызы «Бастауыш сыныптарға арналған образдар» аталымы бойынша Бас жүлдеге ие болды.

Толқын Мұхитқызын жеңісімен құттықтай отырып, ерен еңбегінің табысты бола беруін тілейміз!!!