Закрыть

Закрыть

Миссия және мақсаты

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің миссиясы білім, ғылым және мәдениет аймағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен стратегиялық, ғылыми және шығармашылық перспективті жобалар негізінде республиканың және Орталық Азия регионының рухани дамуын қамтамасыз ететін, кәсіби негізгі орта білім алу және көркемсурет, актерлік өнер саласы бойынша бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын кәсіби тұрғыда жоғары деңгейде дайындайтын ғылыми-зерттеу, білім беру және мәдени-ағартушылық орталық болуды көздейді.
Стратегиялық мақсаты. Өнер саласындағы оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру, республика мен әлемнің жетекші кәсіптік оқу ордаларымен және әлемдік қауымдастықпен өзара ынтымақтастық орнату, Қазақстан мен Орта Азияның барлық мәдени құрылымдарымен тұрақты байланыс орнату, көркемсурет және актер мамандықтары бойынша кәсіби инновациялық білім беру орталығына айналу, еліміздің шығармашылық, оқу- әдістемелік орталығы болу.