Закрыть

Закрыть
Хабарландырулар > ЕРЕЖЕ-Самғау -2023

ЕРЕЖЕ-Самғау -2023

20.03.2023

ЕРЕЖЕ

Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы және  Қазақ мультипликациясының негізін қалаушы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Суретшілер Одағының, Қазақстан Кинематографистер Одағының, Қазақстан журналистер Одағының және Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың 100 жылдығына арналған  VI Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің

«ART – Самғау - 2023»  қашықтық фестиваль-байқауы  
2023 жыл 26-28 сәуір

VI Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің «ART – Самғау – 2023»  қашықтық фестиваль-байқауы  Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы және  Қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың 100 жылдығына арналып, қашықтықтан ұйымдастыру түрінде өтеді.    

VI Халықаралық «ART – Самғау – 2023»  өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің  қашықтық фестиваль – байқауы әр елдің өнер сүйер жастардың түсіністігін жетілдіру, қолдау, студенттердің халықаралық деңгейде шығармашылық қарым-қатынасына, достасуына ықпал етеді. Сондай-ақ фестиваль жаңа дарындарды ашуға, кескіндеме өнерін сүйетін жас жеткіншектердің кәсіби шеберлігін шыңдауына қосымша мүмкіндіктер туғызу, олардың интеллектуалдық деңгейлерін жетілдіру, отандық және әлемдік тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Қашықтықтан ұйымдастырылған Фестиваль-байқауға өнер колледжінің студенттері шақырылады.

Қашықтық Фестиваль-байқауын ұйымдастырушылар: Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы, Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы, ҚР Суретшілер Одағының қолдауымен ұйымдастырылады. Салтанатты онлайн түрде VI Халықаралық «АRТ – Самғау-2023» жас суретшілердің қашықтық фестиваль-байқауының ашылу және жабылушаралары өтеді және жеңімпаздар жұмыстарының көрмесінің видеоролигі көрсетіледі.

  VI Халықаралық «АRТ – Самғау-2023» қашықтықфестиваль-байқауыныңбарысында мәдениет және өнер саласындағы білім берудегі өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел,Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары, ҚР сурет өнері шеберлері және шетелдік оқу орындары педагог, профессорларының қатысуымен онлайн шеберлік-кластар ұйымдастырылады. 

2.Мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты:

  • Әр елдің көркемсурет мектептер дәстүрлерімен таныстыру;
  • Әр елдің жас суретшілерімен достық, мәдени және шығармашылық байланыс нығайту және дамыту;
  • Ынтымақтастық арқылы мәдени және шығармашылық алмасу, халықаралық байланыс құру және нығайту; 
  • Талантты жас суретшілерді айқындау және қолдау көрсету;
  • Шығармашылық қарым-қатынас жасауға жағдай жасау.

Міндеті:

     –   Жас суретшілердің шығармашылық потенциалын айқындау;

  • Мәдениет, білім қайраткерлері мен шығармашыл педагогтардың бірлігін нығайту;
  • Ұлттық мәдениет пен дәстүрді қолдау, рухани-моральдық талапқа сай,  ұлтаралық келісім және толеранттыққа тәрбиелеу;
  • Әр елдің мәдениетімен таныстыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *