Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Арт-Самғау 2021 жабылу (29.04.201 ж.)

Арт-Самғау 2021 жабылу (29.04.201 ж.)

03.05.2021

2021 жылдың 29 сәуірінде  ZOOM  платформасында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің ұйымдастыруымен Өнер колледждері аралығындағы «АRT – Самғау – 2021» V Халықаралық, қашықтықтан  өткен жас суретшілер фестиваль-байқауының онлайн салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Аталмыш фестиваль-байқау Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ҚазақССР Халық суретшісі, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Абылхан Кастеевтің шығармашылығына арнап ұйымдастырылды.

Ә.Қастеевтың қазақ бейнелеу өнерін дамытуға қосқан үлесі аса зор. Қазақ өнерінің тарихында Әбілхан Қастеевтің есімі қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі ретінде алтын әріппен жазылған тұлға. Ә.Қастеев алғашқылардың бірі болып, өзінің шығармашылығы арқылы қазақ елінің көп жылдық тарихын, ұлт батырларын, даланың әсем табиғатын, қайталанбас дәстүрлік тұрмысын есте қаларлықтай бейнелері арқылы жеткізе білді. Оның қылқаламынан туындаған Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың сонымен қатар, Амангелді Имановтың портреттері ерекше танымал.

            Фестиваль-байқау, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясының қолдауымен Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі ұйымдастырды. Шетел мемлекеттерінің өнер ордалары мен Қазақстанның көркемсурет  колледждерінің жас суретшілері  пейзаж «Туған өлке», Қалалық сәулеттік пейзаж номинациялары бойынша бақ сынасты.   

Бұл шара дарынды жас суретшілердің шығармашылық потенциалын айқындау, әр елдің кескіндеме мектебінің дәстүрімен танысу, ынтымақтастық арқылы мәдени және шығармашылық  тәжірибе алмасу және халықаралық  байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

V Халықаралық «АRТ – Самғау-2021» қашықтық фестиваль-байқауының барысында өнер саласындағы білім берудегі өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің жас педагогогтарының қатысуымен онлайн шеберлік-сыныптар ұйымдастырылды.

Фестиваль-байқауға Армения, Болгария, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан елдерінің және Қазақстанның әр аймақтарынан (Алматы, Шымкент, Көкшетау қалалары) онлайн қатысқан көркемсурет колледждерінің  дарынды шәкірттері өз туындыларын әділ қазы алқасына ұсынды.

Тәуелсіз қазылар мүшелері, еңбегі сіңген өнер қайраткерлері, белгілі суретшілер, кәсіби педагогтар үміткер туындыларының көркемдік деңгейіне, ойлау қабілетінің ерекшелігіне, композицияның аяқталғанына көңіл бөліп бағалап, Фестиваль-байқау жеңімпаздарын анықтады.

Фестиваль-байқау қорытындысы:

ПЕЙЗАЖ  «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясы:

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі

Гельманов Рахат

Қазақстан Республикасы Көкшетау қаласы, “Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжі”  

3 орын

Хамдамова Хумора Икром қизи

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы, П.Беньков атындағы Республикалық мамандандырылған көркемсурет мектебі

3 орын  

Қабен Нұрсұлтан

Қазақстан Республикасы  Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжі   

3 орын

Нане Худинян

Армения  Республикасы  Алаверди қаласы, Алаверди мемлекеттік қолөнер училищесі

3 орын

Адий Жанель

Қазақстан Республикасы  Алматы қаласы,

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі

2 орын

Махкамова Исмигул Бахтиёр қизи

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы, П.Беньков атындағы Республикалық мамандандырылған көркемсурет мектебі

2 орын

Борцова Александра

Организация Государственное автономное профессиональное образовательное учреждение Новосибирской области «Новосибирское государственное художественное училище (колледж)», Ресей Федерациясы Новосибирск қ. 

1 орын

Мұқаметқали Меруерт Кененқызы

Қазақстан Республикасы  Алматы қаласы,

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі

1 орын

Зокиржонов Фазлиддин Фарходжон уғли

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы, П.Беньков атындағы Республикалық мамандандырылған көркемсурет мектебі

1 орын

Байматова Мафтуна Батировна

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы, П.Беньков атындағы Республикалық мамандандырылған көркемсурет мектебі

ПЕЙЗАЖ  «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясы бойынша

БАС ЖҮЛДЕ /ГРАН-ПРИ/ 

Абдукадырова Гузаль Абраровна

Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледж,

Шымкент қ., Қазақстан Республикасы

НОМИНАЦИЯ: Қалалық сәулеттік пейзаж

Қазылар алқасының арнай жүлдесі

Колева Мартина Марианова

Болгария Республикасы  Пловдив қаласы, Орындаушылық және экрандық ұлттық өнер гимназиясы, музыка, би және бейнелеу өнері Академиясы

3 орын

Муса Селин Айсун

Болгария Республикасы Казанлык қаласы,

Академик Д.Узунов  атындағы Ұлттық пластикалық өнер және дизайн мектебі

3 орын

Абдумўминова Малика Жохонгирқизи

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы, П.Беньков атындағы Республикалық мамандандырылған көркемсурет мектебі

2 орын

Михайлова Румяна

Болгария Республикасы Пловдив қаласы, Орындаушылық және экрандық ұлттық өнер гимназиясы, музыка, би және бейнелеу өнері Академиясы

2 орын

Ертаева Дина

Қазақстан Республикасы  Алматы қаласы,

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі

2 орын

Нарбаев Мирлан

Қырғыз Республикасы Бишкек қаласы, С.А.Чуйков атындағы Қырғыз Мемлекеттік көркемсурет училищесі

1 орын

Сукалова Злата Константиновна

Қырғыз Республикасы Бишкек қаласы, С.А.Чуйков атындағы Қырғыз Мемлекеттік көркемсурет училищесі

1 орын

Төлеу Арузат

Қазақстан Республикасы  Алматы қаласы,

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі

ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТТІК  ПЕЙЗАЖ номинациясы бойынша марапаттау:

БАС ЖҮЛДЕ

Варфоломеева Александра

Ұйым Новосибирск облысының мемлекеттік дербес кәсіптік білім беру мекемесі “Новосибирск мемлекеттік көркемөнер училищесі (колледж)», Ресей Федерациясы  Новосибирск қаласы.

Сонымен қатар, Өнер колледждері арасындағы “АRT- Самғау- 2021” V Халықаралық қашықтық жас суретшілер фестиваль-байқауының барлық қатысушылары ҚАТЫСУШЫ ДИПЛОМЫМЕН марапатталды.

 «АRT – Самғау – 2021» V Халықаралық қашықтықтан ұйымдастырылған жас суретшілер фестиваль-байқауының қатысушыларына таусылмас шабыт, күшті екпін мен жалынды жігер, еңбектеріне жеміс және шығармашылық табыстар тілейміз!

Ұйымдастыру комитеті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *