Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > ЮНЕСКО фестивалінде әлемнің алты елінің балалары “Жүректерін бірлікпен үндестірді”

ЮНЕСКО фестивалінде әлемнің алты елінің балалары “Жүректерін бірлікпен үндестірді”

12.06.2023

Астана қаласында ЮНЕСКО аясындағы “The Planet of ART 2023 – ЖҮРЕГІМІЗ БІРЛІКПЕН ҮНДЕССІН”  Халықаралық жастар фестивалі музыкалық циклінің Гала-концерті өтті.

Сахнада 5 мыңнан астам қатысушының ішінен іріктелген Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 12-18 жас аралығындағы, сонымен қатар «ERG Zhuldyzdary» номинациясының жеңімпаздарын қоса алғанда 42 лауреат өнер көрсетті. Вокалдық, аспаптық және хореографиялық бағыт бойынша өнерлерін ортаға салған дарынды жастар кең жұртшылыққа өздерінің көркемдік шеберлігі арқылы ұмытылмас музыкалық қойылым сыйлады.

Гала-концерттің құрметті қонағы болған ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ханым алғаш рет жобаны тамашалады.  Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы президенті Болат Ақшолақовқа осы фестивальді ұйымдастырғаны және жастардың шығармашылығына қолдау көрсету ісіне адалдығы үшін алғысын білдіріп, ұйым ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының әлемдегі ең белсенді және баға жетпес мүшелерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Ұйымдастырушылар алқасы Фестивальдің үлкен шығармашылық рөл атқаратынына және қазақстандық композиторлар мен хореографтардың өнерін насихаттауға елеулі үлес қосатынына сенімді. Биылғы фестивальдің ерекшелігі  –  заманауи өнерді ілгерлету арқылы жастар тілімен үндестіру еді. “The Planet of ART жобасының басты міндеті -балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдениеттің алуан түрлілігін көрсету және елдер арасындағы достық байланысты нығайту. Қаншама жас талантты бір арнаға тоғыстырған айтулы фестиваль финалы алғаш рет Павлодар қаласында және екінші Гала-концертпен Астана қаласында өтті. Лауреаттермен бірге 10 күн бойы үздік тәлімгерлер, қоюшы режиссерлер командасы жұмыс жасаса, ал концертті дайындауға Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург және Сеул мамандарының шығармашылық тобы атсалысты.

ҚР Сыртқы істер министрлігі, Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы және Астана қаласының әкімдігі қолдауымен өткен ЮНЕСКО аясындағы фестивальдің басты мақсаты дарынды жас орындаушыларды анықтау және қолдауға, олардың шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыру және «әлем мәдениеті» тұжырымдамасы негізінде қатысушылар арасындағы достық байланысты орнату арқылы мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған. Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының басқа да жобалары секілді “The Planet of ART”, жобаның Бас серіктесі – EURASIAN RESOURCES GROUP (ERG), сонымен қатар басқа да ортақ серіктестер – Теңізшевройл және TotalEnergies Kazakhstan компанияларының қолдауымен тегін өтуде. Жобаға ақпараттық қолдау көрсеткен – Alash Media Group, TengriNews және Massaget.kz, сондай-ақ бізді қолдаған сұлулық салондары: DRYCOЙ beauty bar, Атмосфера, Solo Beauty Lab және Triumph beauty Couture.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *