Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > “Болашаққа бағдар”

“Болашаққа бағдар”

14.02.2021

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, колледжінің “Актерлік өнер” мамандығында бүгін 11.02.2021ж. сағ.11:00 zoom конференциясымен 2 курс 4 топтың Сахна тілі пәнінен ашық сабақ болып өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: “Болашаққа бағдар: Рухани жағыру бағдарламасы аясында “Қазақ жазушыларының шығармаларын талдау”. Сабақтың барысы: 1. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” атты мақаласын талдап, әр студент ой ойларын ортаға салып, пікіпін айту. 2. Қазақ жазушыларының шығармаларын әр студент таңдап алып, талдап, автордың идеясын, айтайын деген ойын айқындап, үзінді оқу. Ашық сабақтың мақсаты: Өскелең ұрпақтың ой өрісін дамыту. Рухани құндылықтарын байыту. Өз ойларын еркін жеткізіп, сөз саптауын, тіл байлығын дамыта отырып, көшбасшылыққа, бәсекелестікке баулу. Ашық сабақты өткізген “Актерлік өнер” ПЦК төрайымы әрі Сахна тілі пәнінің оқытушысы Саймасаева Гүлвира Бекеновна.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *