Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

03.05.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
КОЛЛЕДЖ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
         ІV Халықаралық «Жас- ART- 2022»  колледж студенттері аралығындағы қашықтық театр фестивалiнiң жеңiмпаздарын құттықтаймыз!!!
ГРАН-ПРИ жүлдесінің иегері


Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп- интернат, колледжі
 «Абай 17 қарасөзі» пластикалық қойылым
Жетекшісі: Байзакова Гулбану Рахманбердиевна
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
 
      2022 жылдың 26- 28 сәуірі аралығында Қазақтың ұлы жазушы,  драматург, сыншы, қоғам және мемлекет қайраткері Ғабит Мүсіреповтің  120 жылдық мерейтойына арналған  IV Халықаралық «Жас-Art 2022» колледж студенттері аралығындағы қашықтық театр фестивалі өтті.
 
Ұйымдастырушы: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі.
 

1.    
IV Халықаралық  «Жас-Art 2022» колледждер студенттер аралығындағы қашықтық театр фестивалінің онлайн салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Уақыты: 26 сәуір 2022 жыл, сағат 14:00 (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша). ZOOM платформасы.
 

2.    
Қашықтықтан ұйымдастырылған фестиваль аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің бірінші санатты оқытушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Көлжан Ө. Ө. 1 курс студенттерімен «Тыныс алу актерлік шеберліктің негізгі құрамдас бөлігі» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Уақыты: 26 сәуір 2022 жыл, сағат 15:00 (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша).  ZOOM платформасы.
 

3.    
IV Халықаралық  «Жас-Art 2022» колледждер студенттер аралығындағы қашықтық театр фестивалінің онлайн  салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Уақыты: 28 сәуір 2022 жыл, 14:00 (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша). ZOOM платформасы.
 
Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды:
 
ГРАН – ПРИ  - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп- интернат , колледжі, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
«Абай 17 қарасөзі» пластикалық қойылым,  жетекшісі Байзакова Гулбану Рахманбердиевна.
І ОРЫН - Автономды коммерциялық емес ұйым «Горошины» театр-студиясы, Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.
Михаил Юрьевич Лермонтов «Демон», жетекшісі Латонина Евгения Борисовна.
 
ІІ ОРЫН – Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы.
А.С.Пушкин «Повести Белкина»
Жетекшісі: Цветков Денис Николаевич.
 
ІІ ОРЫН - Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы. Атырау музыка колледжі, Қазақстан Республикасы, Атырау  қаласы.
Жұмагүл Солтиева «Әйел тағдыры», жетекшісі Амангалиева Тұрсынгүл Рақымгалиевна.
ІІІ ОРЫН  -  Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық – цирк колледжі, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
Мартин Макдонах “Жастық адам”, жетекшісі Малимова Асия Несіпбайызы.
 
ІІІ ОРЫН - Мұқан Төлебаев атыдағы музыка училищесі, Қазақстан Республикасы, Семей қаласы.
Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні», жетекшілер Толеубаев Дәурен Шәріпқұлы, Алепарова Мейрамгүл Ашабекқызы.
 
 
         
Дебютант – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Музыкалық фантазия – мультфильмдерге пародия, Костюченко Т.
 
Ең үздік режиссер - «EL jastar» эксперименталды лабораториялық жастар театры, Қазақстан Республикасы,  Көкшетау қ-сы..
Керен Климовски «Менің әкем...», режиссер – Канафинов Фархадбек.
 
Екінші пландағы үздік әйел бейнесі - Токтоболат Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театры жанындағы театр училищесі, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.
Тажыбекова Айшоола Тажыбековна
Жайлообек қызы Айэлита
 
Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі –
Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің жанынан 
құрылған «Жауқазын» студенттік жастар театры, Қазақстан Республикасы,  Көкшетау қаласы.
Балаубек Жанмухамед
 
Үздік әйел бейнесі – Карина Сәрсенова атындағы өнер мектебі, Алматы құрылыс және басқару колледжі, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
Казымова Аружан.
 
Үздік ер адам бейнесі - Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы.
Қомар Нұрсұлтан
 
Фестиваль қатысушылары:
Колледждер – 11
Жетекшілері– 14
Студенттер- 175
 
 
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
 
 




 
 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *