Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Түркі дүниесі суретшілерінің кездесуі

Түркі дүниесі суретшілерінің кездесуі

27.04.2022

2022 жылдың 6-16 сәуірі аралығында Түркияның Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының қолдауымен  Бурса қаласы, Османғазы ауданының ұйымдастыруында «Түркі дүниесі суретшілерінің кездесуі» халықаралық симпозиумы өтті.

Бұл мәдени шараға Туркия, Қазақстан, Әзербайджан, Қырғызстан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерінің қылқалам шеберлері қатысты. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің педагогы Қанкелді-Калимова Т.М. аталмыш шараға қатысып, әр жанрдағы өзіндік  айтар мағынасы мен ойы бар өз шығармашылығын қылқаламмен көрсетіп қайтты.

Іс шараның мақсаты түркі халықтарының мәдениеті мен өнерін насихаттау, өзара тәжірибе алмасып түркі дүниесі өнерінің жаңаша даму белесіне жол ашу. Суретшілер қала ішіндегі және сыртындағы көрікті жерлермен табиғат этюд жазумен қатар, композициялық шешімдері алуан түрлі, шығармашылық картиналарын  жазып, мүсін жасады.

Халықаралық симпозиумда өнер тақырыбы аясында әр түрлі кездесулер мен дөңгелек үстелдер өтті. Мәдени шараны қорытындылау негізінде «Бурсаның тарихи мирасы» тақырыбында халықаралық шығармашылық көрме өткізілді . Көрмеде Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының  Бас хатшысы Султан Раев, әкімшілік, қаржылық және құқықтық мәселелер жөніндегі бөлім меңгерушісі Санжар Мулазимоғлу, Османғазы ауданының әкімі Мұстафа Дондар, Қазақстан Көркем академиясының вице-президенті, жоба жетекшісі Ермұхан Жүнісхан  және т.б.қонақтар арнайы сөз сөйлеп, көрменің ашылу салтанатымен құттықтап, қатысушыларды арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Симпозиумның болашақта түркі мәдениеті мен өнерін  дамыту, жастарды ортақ шығармашылық қызығушылықтар мен тәжірбе алмасуға, халықтардың бірлігін арттыруға маңызы зор.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *