Ашық сабақ тақырыбы: «Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету салалары».
“Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар” бағдарламасының аясында “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаланы негізге ала отырып, тариxи сананы жаңғыртуға, біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы, оқушыларды патриоттық сезімге баулуға шақырады, ұйықтап жатқан ойларымызды оятуға серпін береді және ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді. Яғни дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамын: өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету салаларын Қазақстан шаруашылығымен байланыстыра отырып, өзіне қажеттілігін алуға көмектесу. Қазақстанда металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгерткенін түсіндіру. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында 2021 жылдың 21 сәуірінде Zoom платформасында Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернатының 8 «Б» сыныбында география сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету саласы шаруашылық түрлерін жіктеу. ХХІ ғасырдағы қазақ ұрпағының міндеті – экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылығымызды қорғау, дамыту және, сақтау.
Сабақты педагог-зерттеуші Аубакирова Ізбала Жұмахметқызы жүргізді.
Сабаққа мектеп-интернаттың пән мұғалімдері мен әкімшілік мүшелері қатысты.