2021 жылғы 3 сәуірде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжі-ЮНЕСКО клубы педагогтарының Bereke City жобасында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың балаларына арналған мастер – классы өтті.
Мақсаты-балаларға шығармашылық демалыс беру, оларды өз ойларын, қиялдарын қағаз жүзінде көрсетуге үйрету. Боялған жұмыстар ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясы ұйымдастырған “Менің бақытты күнім” республикалық челленджіне қатысу үшін жіберілді. Барлығы 4-12 жас аралығындағы 35 бала қатысты.
Мастер-класс – өткізген педагогтар: Хәкімжанова Айгүл Атымтайқызы, Жұмашева Сәуле Аманжолқызы, Қуанышаева Аида Әбдірқызы, Тілеужанова Гүлсара Шәукенқызы, Мамырбаева Зара Қартанғалиқызы, Толыбай Дана Бектемірқызы.