Бүгін 10 желтоқсан 2018 жылы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, мектеп-интернат, колледжінің оқытушысы б.ғ.к. Г.Е. Жантееваның «Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары» тақырыбында жаңартылған бағдарламаға сәйкес 8 б сыныбында ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаттары: Жүрек-қантамырлар жүйесінің ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау.
Сабақ барысында интерактивті тақта арқылы бірнеше бейнефильмдер көрсетілді. Жаңартылған бағдарлама үрдісіне сәйкес әдіс тәсілдерге бай, жан -жақты қарастырылған ғылыми деректерге толы сабақ өтті. Бұл сабақтың ерекшеліктерінің бірі Елбасымыздың Рухани жаңғыруындағы саясаты аясында қан арқылы берілетін аурулардың көбісі шежірені ұстамаудан, шежіренің ұмыт болып бара жатқандығы жайлы да қамтылды.