Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > 15.02.2018 ж. күні Пернебек Момынұлымен “Өнермен өрілген өмір” атты әдеби сазды кездесу кеші өтті.

15.02.2018 ж. күні Пернебек Момынұлымен “Өнермен өрілген өмір” атты әдеби сазды кездесу кеші өтті.

15.02.2018

15 ақпан 2018 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат колледжінде Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профеcсоры, музыка зерттеуші, ҚР Білім беру ісінің үздігі, өнер, мәдениет қайраткері, ұстаз, басқарушы, ғалым, Ахмет Байтұрсын атындағы орден иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Пернебек Момынұлымен  «Өнермен өрілген өмір»  атты әдеби-сазды кездесу  кеші өтті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала аясында озық ойлар мен жаңашыл көзқарастар, жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ел болашағы, ұлт тағдыры, сондай-ақ жас ұрпақ үшін аса маңызды істерді жүзеге асыруға және ұлттық құндылықтармен сусындаған саналы ұрпақты тәрбиелеу мақсатында іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Әдеби-сазды кездесуіміздің қонақтары:  Ешенқұлов Тұрсынбек – жазушы, Әбдіманап Жұмабек – халық  әртісі  Дәулет Мықтыбайдың шәкірті, Тамара Дәулетқызы  – жұбайы.

Кездесу барысында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледж басшысы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері  Жумахметова Зура Жумахметовна баяндама жасады.   Өзінің баяндамасында  «Құрметті профессор ҚР еңбек сіңірген қайраткері, музыка зерттеушісі, сіз балалар мен жастардың музыкалық- эстетикалық тәрбиесі мен білімін, өнерін тереңдету, рухани жан дүниесін тәрбиелеу мәселелеріне арналған құнды еңбектер қалдырдыңыз. Еліміздің барлық аймақтарында сіздің шәкірттеріңізді кездестіруге болады. Бүгінгі кездесуге уақыт бөліп келгеніңізге алғысымызды білдіреміз, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын, еңбектеріңіздің биік асуларынан көріне беруіңізге тілектеспіз!»

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профеcсоры, музыка зерттеуші, ҚР Білім беру ісінің үздігі, өнер, мәдениет қайраткері, ұстаз, басқарушы, ғалым, Ахмет Байтұрсын атындағы орден иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Пернебек Момынұлы өскелең жастарға өз халқының тарихына және рухани  қазынасын, ұлттық мәдениеті мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, жан-жақты білу қажеттілігін насихаттады.

111

123

789

965

123

654

6565

65478

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *