28 қаңтар мен 8 ақпан Алматы қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада өткізілетін күндері Республика Сарайында ЮНЕСКО-ның «Балалар Әлемді бейнелейді. Азия» Халықаралық Фестивалі өтеді.
Фестиваль аясында өтетін ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық жұмыстарының көрмесінде Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясы мектеп – интернат, колледж оқушыларының 30-дан астам жұмыстары (мүсін, кескіндеме, батик, гобелен, графика, киізден жасалған бұйымдар, ағаш, металл және керамика), сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары негізінде этнобұрыш көрсетіледі.