Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > «Youth ArtCamp Shusha and Baku»

«Youth ArtCamp Shusha and Baku»

14.10.2022

            2022 жылдың 26.08. -5.09. аралығында ЮНЕСКО істері жөніндегі Мальта Ұлттық комиссиясы және ЮНЕСКО істері жөніндегі Андорра Ұлттық комиссиясының ұйымдастыруымен суретшілерге арналған «Youth ArtCamp Shusha and Baku» жобасы аясында “Молодежный арт-лагерь Шуша и Баку” халықаралық пленэрі өтті.

            Шығармашылық шараға Әзірбайжан, Словакия, Иран, Пәкістан, Куба, Қазақстан, Беларусь, Америка, Түркия, Латвия, Катар, Испания, Иордания, Мальта, Мексика елдерінен суретшілер қатысты.

            Әзірбайжан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының шешімімен, байқауда жеңімпаз атанған Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернаты, колледжінің оқытушысы Чукитаева Зарина Серікқызы «Шуша және Баку жастар өнер лагері» жобасына қатысуға шақырылды. Осы шақыру негізінде Чукитаева Зарина Серікқызы аталмыш жобаға қатысып, халықаралық пленэрге қатысқаны туралы Сертификатына ие болды.            Әзірбайжанның мәдениеті мен дәстүрімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында аталмыш жобаға қатысушылар тарихи орындар – Шуша, Агдам, Физули, Джабраил қалаларында болып, өнер туындыларын жасады.            Пленэр соңында Бакудегі Халықаралық Муғам орталығында мәдени шараның жабылу салтанаты мен қорытынды көрмесі өтті. Көрмеге әртүрлі елдерден келген 16 жас суретшінің жұмыстары қойылды. Сондай-ақ жас суретшілердің жұмыстарының каталогын дайындау жоспарлануда. 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *