2018 жылдың 18 сәуірінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, мектеп түлектерінің мамандықты дұрыс таңдау жасауына бағыт- бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды. Өткізілген шара аясында түлектерге колледж фойесінде “Шәкірттерге ұлағат” атты көрме, мастер – класстар (көркем тоқыма, көркем қыш, металды және ағашты көркемдеп өңдеу, көркем әшекейлеу) өткізілді. «Ашық есік күні» шарасын колледж басшысы Жумахметова З.Ж. ашып, түлектерге болашақ мамандықтарына дұрыс таңдау жасауларына өз тілегін білдірді.
Жаңалықтар > 2018 жылдың 18 сәуірінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, мектеп түлектерінің мамандықты дұрыс таңдау жасауына бағыт бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» шарасын ұйымдастырды.