Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі
2020-2021 оқу жылына КОЛЛЕДЖГЕ қабылдау онлайн (9 сынып бітіргендер):
- Іріктеу комиссиясы онлайн 20 маусым – 20 шілде
- Құжаттар қабылдау онлайн 20 маусым – 20 шілде:
- Қабылдау емтихандары ОНЛАЙН өтеді 21 шілде – 28 шілде 2020ж.
- Емтихан тапсыру кестесі мен алгоритмі 10 шілдеде сайтқа шығады.
Көркемсурет мамандықтарына талапкер А3 форматында шығармашылық жұмыстарын (сурет, кескіндеме, үйлестіру жұмыстары – минимум 12-15 жұмыс) сканерлеп немесе суретке түсіріп әр мамандық бойынша электрондық пошталарға жіберу керек. Іріктеу комиссиясынан өткен талапкерге рұхсат қағазы мен өтініш үлгісі жіберіледі.
* «Кескіндеме, мүсін және графика» мамандығы (станокты кескіндеме, станокты графика, анимациялық графика, мүсін) мамандандыруы бойынша jis_priem@mail.ru электрондық поштасына;
* «Дизайн» мамандығы (киім дизайны, интерьер дизайны, графикалық дизайн) мамандандыруы бойынша dizain_priem@mail.ru электрондық поштасына.
* «Сәндік-қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік» мамандығы (көркем тоқыма, металды көркемдеп өңдеу, ағашты көркемдеп өңдеу) мамандандыруы бойынша dpi_priem@mail.ru электрондық поштасына;
Актер мамандығына:
* «Актерлік өнер» мамандығы (музыка театрының әртісі) мамандандыруына талапкер талапқа сай вокал, актерлік шеберлік, сахна тілі пәндері бойынша шығармашылық жұмыстары бойынша видеожазылымдағы портфолио Priem_college@mail.ru электрондық поштасына 20 маусым-20 шілде жіберу керек;
Іріктеу комиссиясынан өткен талапкерге рұхсат қағазы мен өтініш үлгісі жіберіледі.
Әр пән бойынша бағалау критерийлері college.кaznai.kz сайтында.
– құжаттарды қабылдау онлайн түрінде 20 маусым – 20 шілде аталған электронды пошталар арқылы;
– онлайн консультациялар сайтта (видеосабақтар);
Құжаттарды онлайн қабылдау 20 шілде сағат 18:00 тоқтатылады,
талапкер құжаты толық болмаса емтиханға жіберілмейді!
Қабылдау (түскендер тізімі) 21 -25 тамыз 2020ж. сайтқа шығады
Барлық ақпарат сайт – college.кaznai.kz, Instagram – kaznai.college.kz
Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізімі (барлық мамандықтар үшін):
(іріктеу комиссиясынан өтіп, рұқсат алғаннан кейін)
1. Талапкерлердің өтініші;
2. Негізгі мектепті бітіру туралы аттестат
3. Жеке куәліктің (туу туралы куәлік, ЖСН) көшірмесі
4. № 086 у үлгісіндегі медициналық анықтама ФГ көшірмесімен бірге
5. 3х4 көлеміндегі фото – 1 дана ;
Сұрақтар бойынша телефондар: 8/727/395-12-48, 87074230083, 87714145475, 87079192094
26 маусым 2020 ж. Қабылдау комиссиясы