«Науырыз- жыл басы!»
18.03.21. «Науырыз- жыл басы!» мерекесіне орай 9 «А» сыныбында ашық тәрбие сағаты « Игі істер күні»» тақырыбыменен (дөңгелек үстел)өтті.
Сабақтың мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.Мейірбандылыққа тәрбиелеу.Мейірімділікке өмір сүру бақытты екенін түсіндіру және балалардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу,адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Қортынды:
Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.