14.03.2017 ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мен Гжель Мемлекеттік университет аралығындағы өнер мен мәдениет, білім беру мен шығармашылық қарым-қатынас жасаудағы келісімге қол қойылды. Осы келісім аясында Гжель Мемлекеттік университеінің «Сервис және туризм» кафедрасының педагогика ғылымының кандидаты, доцент Коршунова Ирина Викторовна біздің академия, колледж студенттері мен оқытушыларына Гжель өнерінің құнды да, озық үлгілерінен өте жоғары деңгейде мастер-класс өткізді және университет презентациясымен жетік таныстырды.
Мұндай кәсіби – шығармашылық қарым-қатынастар, Қазақстан мен Ресей елдерінің арасындағы мәдени ынтымақтастықтарды жүзеге асыру және білім берудегі жетістіктермен бөлісу, студенттер мен оқытушыларына игі әсер етері сөзсіз.
3.03.2017ж. 1 курс 6 топ колледж студенттері Фестивальдің салтанатты ашылуына қатысты.
Жетекші – оқытушы М. Маханов
14.03.2017ж. 2 курс 6 топ колледж студенттері сырласу бұрышында А.Әшімов және Н.Мышбаевамен кездесуге қатысты.
Жетекші-оқытушы Сейтханова А.С.