2021 жылдың 30 қаңтарында сағат 14.00-де ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы республикалық «Жылды жақсылықтан баста» қайырымдылық акциясы аясында көптеген шеберлік сыныптарын өткізді. Бұл акцияда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің – ЮНЕСКО Клубының педагоготары белсенділік көрсетті.
Қайырымдылық акциясының бағдарламасы бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің – ЮНЕСКО Клубының арнайы пәндер педагогтары мен мамандары “Береке” Қоғамдық Қорының балаларын жүннен тоқу техникасына үйретті. “Киіз алма жасау” атты 4 сағаттық қызықты шеберлік-сыныптар барысында балалар сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі техникалары, оқыту процесі туралы көптеген қызықты және нұсқаулық ақпаратты білді, аталмыш оқу орнының жоғары білікті мамандары балаларды өнерге шабыттандырды, қолданбалы өнер шебері мамандықтары туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті.
ліміздің жас ұрпағының дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей қатысу, мейірімділік, адамгершілік идеяларын ұстану, адамдарға көмек көрсетуге, игі істер жасауға үнемі ұмтылу – мұның бәрі ЮНЕСКО миссиясының басты өзегі.
Біз бұл іс-шараның “Береке” Қоғамдық Қорында тұратын балалар үшін пайдалы болғанына және болашақта маңызды шешімдер қабылдау үшін қажетті түрткі болатынына шын жүректен сенеміз.