Закрыть

Закрыть
Хабарландырулар > Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі 2020-2021 оқу жылына КОЛЛЕДЖГЕ қабылдау (9 сынып бітіргендер):

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі 2020-2021 оқу жылына КОЛЛЕДЖГЕ қабылдау (9 сынып бітіргендер):

19.06.2020

ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ ОНЛАЙН:

– іріктеу комиссиясы онлайн  20 маусым – 20 шілде

           Көркемсурет мамандықтарына талапкер А3 форматында шығармашылық жұмыстарын (сурет, кескіндеме, үйлестіру жұмыстары – минимум 12-15 жұмыс) сканерлеп немесе суретке түсіріп әр мамандық бойынша электрондық пошталарға жіберу керек.

* «Кескіндеме, мүсін және графика» мамандығы (станокты кескіндеме, станокты графика, анимациялық графика, мүсін) мамандандыруы  бойынша   jis_priem@mail.ru электрондық поштасына;

* «Дизайн» мамандығы (киім дизайны, интерьер дизайны, графикалық дизайн) мамандандыруы бойынша dizain_priem@mail.ru электрондық поштасына.

* «Сәндік-қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік» мамандығы (көркем тоқыма, металды көркемдеп өңдеу, ағашты көркемдеп өңдеу) мамандандыруы бойынша dpi_priem@mail.ru электрондық поштасына;

* «Актерлік өнер» мамандығы (музыка театрының әртісі) мамандандыруына талапкер  талапқа сай вокал, актерлік шеберлік, сахна тілі  пәндері бойынша шығармашылық жұмыстары бойынша видеожазылымдағы портфолио жіберу керек Priem_college@mail.ru электрондық поштасына;

Әр пән бойынша бағалау критерийлері college.кaznai.kz сайтында.

– құжаттарды қабылдау онлайн түрінде 20 маусым – 20 шілде  аталған электронды пошталар арқылы;

– онлайн консультациялар сайтта (видеосабақтар);

Құжаттарды онлайн қабылдау 20 шілде сағат 18:00 тоқтатылады,

талапкер құжаты толық болмаса емтиханға жіберілмейді!

Қабылдау емтихандары  ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ өтеді 21 шілде – 28 шілде  

Бірінші емтиханға талапкер негізгі орта білім туралы аттестат түпнұсқасымен кіргізіледі, түпнұсқа өзімен болмаған жағдайда кіргізілмейді.

       Қабылдау емтихандарына ТАЛАПКЕРЛЕР маска киіп топ бойынша (топ тізімі сайтта болады) Ә.Кекілбайұлы көшесі, 133 адресіндегі колледжге  21-28 шілде аралығында сағат 08:30 бастап ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА КЕЛЕДІ.

       Қабылдау 21 -25 тамыз 2020 жыл

Барлық ақпарат college.кaznai.kz сайтында

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізімі:

(іріктеу комиссиясынан өтіп, рұқсат алғаннан кейін)

1. Талапкерлердің өтініші;

2. Негізгі мектепті бітіру туралы аттестат (түпнұсқаны  бірінші емтиханға алып келу)

3. Жеке куәліктің (туу туралы куәлік, ЖСН) көшірмесі – 2 дана;

4. № 086 у  үлгісіндегі  медициналық анықтама ФГ көшірмесімен бірге

5. 3х4 көлеміндегі  фото – 6 дана ;

Сұрақтар бойынша телефондар: 8/727/395-12-48, 87074230083,  87714145475,  87079192094

Қабылдау комиссиясы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *