Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Алматы қаласы Бостандық ауданындағы колледждер арасында өтетін III «Жас өркен» фестиваль ЕРЕЖЕСІ

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы колледждер арасында өтетін III «Жас өркен» фестиваль ЕРЕЖЕСІ

16.11.2018

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы

колледждер арасында өтетін  III «Жас өркен»  фестиваль       

 ЕРЕЖЕСІ 

       Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжі 2018 жылдың __________қараша аралығында Бостандық ауданының колледждері арасында мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” процесі негізінде «Жастар Отанға» тақырыбымен “Жас өркен” фестивалін өткізеді.

Фестиваль аясында “Көркемсөз оқу”, “Дәстүрлі ән” және “Домбыра” номинацияларынан байқау өтеді.

Өткізілетін күндері21, 22. 11. 2018ж.

Өтетін орны: Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжі, (Алматы қ-сы., Каблуков көш, 133).

Фестивальдің мақсаттары:

– Қазақстанның өнері мен мәдениетін болашақ ұрпаққа насихаттау, дарынды жастарды тәрбиелеу;

– жастардың шығармашылық деңгейлерін, ән орындау шеберліктерін көтеру;

–жасөспірімдердің жан-жақты дамуына ықпал ету, рухани құндылықты насихаттай отырып, жоғары  адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

– дарынды жастарды анықтау және шығармашылық белсенділігін арттыруға жағдай туғызу;

– жастардың эстетикалық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын дәріптеуіне ықпал ету;

– колледж арасындағы шығармашылық байланыстарды арттырып, тәжірбие алмасу және әлемдік өнерді қолдау саясатын жүргізуге ықпал ету, жастарға патриоттық және эстетикалық тәрбие беру.

 

Фестивальдің номинациялары :

Патриоттық тақырыпта болу керек.

  • «Көркемсөз оқу»
  • «Дәстүрлі ән»
  • «Домбыра»

Ережені жүктеп алу

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *