Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА (көркемсурет бағыты бойынша)
2021-2022 оқу жылына 7 сыныпқа оқушыларды қабылдау:
І тур – Іріктеу туры ОНЛАЙН режимде:
– іріктеу туры онлайн 1 маусым – 12 маусым
Талапкер шығармашылық жұмыстарынан портфолио дайындап А3 форматында барлығы 10-12 жұмыс (сурет 4, кескіндеме 4, үйлестіру 4 жұмыс) сканерлеп немесе суретке түсіріп) Priem_shkola@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек;
– консультациялар сурет, кескіндеме, үйлестіру бойынша сайтта (видеосабақтар);
ІІ тур – ҚАЛЫПТЫ режимде:
– І турдан өткендер құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырады, құжаттарды қабылдау қалыпты режимде 1 маусым–15 маусым аралығында;
– қабылдау емтихандары ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ өтеді 16 маусым – 22 маусым аралығында (сурет, кескіндеме, үйлестіру, ана тілінен бақылау жұмысы).
Қабылдау емтихандарына ТАЛАПКЕРЛЕР топ бойынша (топ тізімі сайтта болады) бетперде (маска) киіп және ПТР тестінің нәтижесімен (2 күнге жарамды) мобильдмобильдік Ashyq қосымшасымен 16-22 маусым аралығында сағат 08:30 бастап Ә.Кекілбайұлы көшесі, 133 адресіндегі мектеп-интернатқа ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА КЕЛЕДІ.
Қабылдау (түскендер тізімі) 25 маусым 2021 жыл сайтқа шығады
Барлық ақпарат college.кaznai.kz сайтында (мектеп-интернат талапкері бөлімінде)
Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар:
(іріктеу турынан өтіп, рұқсат алғаннан кейін)
- Ата–ананың өтініші;
- 5-6 сыныптағы оқу үлгерімі жөніндегі табельдері (көшірмесі, мектеп
директоры мөрімен бекітілген);
- Баланың туу туралы куәлігі,ЖСН (көшірмесі 2 дана);
- Медициналық анықтама № 063/у, 026/у, 075/у үлгісіндегі (ФГ қажет емес)
- 3х4 көлеміндегі фото – 6 дана ;
- конкурсқа (қабылдау емтиханы) рұқсат қағазы.
Сұрақтар бойынша телефондар: 8/727/395-12-48,
8778-162 8592
Қабылдау комиссиясы
Ескерту: қабылдау емтихан бойынша өзгерістер болған жағдайда, ақпарат college.кaznai.kz сайтында