13 желтоқсан күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамға» тақырыбында кеш өтті. Колледждің 1,2 курс «Актерлік өнер» мамандығы студенттерінің дайындаған концерттік бағдарламасы тамашаланды.
Кеш қонақтары: «Желтоқсан қоғамы» бірлестік төрағасы Қуанбаев Нұрлыбек Шамшатұлы, ұйым мүшесі Қанапиянова Гульмира Оразғалиевна.