2022 жылдың 11 қарашасында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжінде әлемдік мәдениет пен өнердің озық үлгілерін меңгеру, рухани құндылықтарымен таныстыру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматы қаласында АҚШ, Армения, Венгрия, Монголия және Түркия елдерінің қатысуымен өткен «Киіз-Felt-Кесе-Войлок» Халықаралық фестиваль аясында Түркия елі Мимар Синан университетінің оқытушысы, жоғары дәрежелі қолөнер шебері Салих Гиргич мырза колледж студенттеріне «Киіз» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Мұндай кәсіби-шығармашылық қарым-қатынастар, Қазақстан мен Түркия елдерінің арасындағы мәдени ынтымақтастықтарды жүзеге асыру және білім берудегі жетістіктермен бөлісу, біздің оқу орнының студенттері мен оқытушыларына игі әсер етері сөзсіз.
Құрметті Салих Гиргич мырза, Сізге зор алғысымызды білдіре отырып, ерен еңбегіңізге табыс тілейміз!