Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернаты
2021-2022 оқу жылы талапкерлеріне қойылатын
ІРІКТЕУ ТУРЫ өлшемдері мен талаптары
Іріктеу турына талапкерлер 15-20 жұмыс ұсынады:
Сурет 5-7 жұмыс, формат А4, А3. Талапкерлер өз жұмыстарында суреттегі бастапқы дағдыларды, академиялық негізді (тұрмыстық заттардың бейнесін, симметрияны, пішіннің сипаты, көлемін тонмен жеткізе алу) көрсетеді. Кез-келген графикалық материалдарда (қарындаш, гелий қалам) жасалған қысқа мерзімді этюдтік сипаттағы жұмыстар, сондай–ақ штрихтеу техникасындағы ұзақ мерзімді қойылымдар – натюрморттар.
Кескіндеме 5-7 жұмыс, формат А4, А3. Сондай-ақ, кескіндеме бойынша абитуриент өз жұмыстарында бастапқы білімін, меңгеруін, түсінуін және нысаның бейнесін түс пен реңмен көрсетеді (тұрмыстық заттардың бейнесін жылы және суық түстермен пішінін, көлемін сипатын жеткізе білу). Акварельде жасалған қысқа мерзімді этюдтер, ұзақ мерзімді қойылымдар. Акварельмен жұмыс істеудің қарапайым іскерлік пен дағдыларын меңгеру.
Композиция 5-7 жұмыс, формат А4, А3. Шығармашылық жұмыстарда талапкер тақырыптық композицияны орындай білу, мағынасын, идеясын жеткізе білу, тақырыпты мәнерлі түс гаммасында аша білу қабілеттерін көрсетеді. Аралас материалдар (түрлі-түсті қарындаштар, гелий қаламдар, акварель, гуашь).
Өз суреттері арқылы талапкер өз шығармашылық ықтималын, табиғи деректерін көрсетеді.
Педагогикалық кеңесте қаралып, талқыланды, 2022 жыл “14” қаңтар № 3 хаттама.
Академияның Ғылыми кеңесімен бекітілген, 2022 жыл “31” наурыз № 9 хаттама
Егер талапкер іріктеу кезеңінен өткен болса, онда тиісті құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырады және түсу емтихандарына қол жеткізе алады.
CALL – орталығы жұмыс күндері жұмыс уақытында:
ӘБ “Сурет және кескіндеме” 8-747 286 9534
ӘБ “СҚӨ, мүсін және композиция” 8-708 532 7990