Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжі 2017 жылдың 9-11 қазан аралығында Бостандық ауданының колледждері арасында “Жас өркен” фестивалін өткізеді.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжі 2017 жылдың 9-11 қазан аралығында Бостандық ауданының колледждері арасында “Жас өркен” фестивалін өткізеді.

09.10.2017

                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ   

123 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы

колледждер арасында өтетін

                                                                                            «Жас өркен»  фестивалі                                                                                      

                                                                                                                   

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжі 2017 жылдың 9-11 қазан аралығында Бостандық ауданының колледждері арасында мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” процесі негізінде «Отаным тағдырым» тақырыбымен “Жас өркен” фестивалін өткізеді.

Фестивальдің мақсаттары:

– Қазақстанның өнері мен мәдениетін болашақ ұрпаққа насихаттау, дарынды жастарды тәрбиелеу;

– жастардың шығармашылық деңгейлерін, ән орындау шеберліктерін көтеру;

–жасөспірімдердің жан-жақты дамуына ықпал ету, рухани құндылықты насихаттай отырып, жоғары  адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

– дарынды жастарды анықтау және шығармашылық белсенділігін арттыруға жағдай туғызу;

– жастардың эстетикалық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын дәріптеуіне ықпал ету;

– колледж арасындағы шығармашылық байланыстарды арттырып, тәжірбие алмасу және әлемдік өнерді қолдау саясатын жүргізуге ықпал ету, жастарға патриоттық және эстетикалық тәрбие беру.

Фестивальдің номинациялары :

  • Көркемсөз оқу»
  • «Вокал»
  • «Эссе»

Осыған орай Сізді Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжінің акт залында (мекен-жайы: Каблуков к-сі, 133 үй) 09.10.2017ж. сағат 12.00-де өткізілетін «Жас өркен» фестивалінің ашылу салтанатына, ал 11.10.2017ж. сағат 11.00-де өткізілетін «Жас өркен» фестивалінің жабылу салтанатына  шақырамыз!!!!

Байланыс тел: 395-12-48, 8701 438 75 78

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *