Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Қазақстан Дүниежүзілік ЮНЕСКО Клубтары Федерациясын басқарды

Қазақстан Дүниежүзілік ЮНЕСКО Клубтары Федерациясын басқарды

30.10.2023

Пост-релиз

Қазақстан Дүниежүзілік ЮНЕСКО Клубтары Федерациясын басқарды

26-29 қазан аралығында Сеул қаласында (Корея Республикасы) өткен X Дүниежүзілік конгресс шеңберінде Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Президенті Болат Ақшолақов Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Президенті болып сайланды.

Болат Ақшолақовтың дауыс берудегі жеңісі Қазақстан үшін де, ЮНЕСКО-ның әлемдік клубтық қозғалысы үшін де тарихи сәт болып табылады. Отырыс барысында конгреске қатысушы елдер халықаралық ұйымның бастамалары мен жобаларын іске асырудағы еліміздің бірегей тәжірибесін ерекше атап өтті, сондай-ақ жаңа басшының келуімен дүниежүзілік федерацияның одан әрі табысты дамуына үміт артты. Нәтижесінде, Қазақстанды сайлау туралы шешімді Конгресстің көптеген қатысушы елдерінің өкілдері қолдады, бұл біздің Республикамызға деген сенімнің жоғары деңгейін және халықаралық аренадағы айтарлықтай рөлі бар екенін растайды. Бұл нәтижеге қол жеткізуде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясының тұрақты қолдауы маңызды рөл атқарды.

Айта кету керек, ЮНЕСКО клубтарының қозғалысы 1947 жылы Жапонияда ЮНЕСКО-ның негізгі басымдықтары мен құндылықтарын азаматтық қоғам арасында кеңінен насихаттау мақсатында бастау алған. Бүгінгі таңда бұл қозғалыс әлемнің 90-ға жуық елінде кеңінен таралып, 5000-ға жуық ұйымды қамтиды.

Болат Ақшолақов өз сөзінде: “Қазақстандық Федерация үшін жастар әрқашан басымдыққа ие болды. Осыған байланысты, біз барлық жинақталған тәжірибені енгізуді және бүкіл әлем бойынша ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының болашақ көшбасшыларын даярлау үшін берік негіз қалауды ұсынамыз.», – деп атап өтті.

Бұдан бұрын Болат Ақшолақовтың басшылығымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда Федерация 190 клубты 17,000- нан астам белсенді мүшелерін біріктіре отырып, 45-тен астам елдің қатысуымен 550-ге жуық ісшараны сәтті ұйымдастырды. Сонымен қатар, 75 000-ға жуық қатысушыны қамтыған бірегей халықаралық жоба – “The Planet of ART” жастар фестивалі іске қосылды.

Дүниежүзілік Федерацияның Президенті болып сайланғаннан кейін, ЮНЕСКО-ның Жер шарының барлық аймақтарындағы қауымдастықтары мен клубтарын нығайту және дамыту, олардың танымалдығы мен жергілікті қауымдастықтардағы рөлін арттыру, жаңа қауымдастықтар мен клубтардың санын кеңейту қажеттілігі басым міндеттер ретінде айқындалды. Дүниежүзілік Федерацияның негізгі бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыру үшін ЮНЕСКО және мүше мемлекеттердің үкіметтерімен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылыс білдірілді.

Қосымша ақпарат және БАҚ аккредиттеу үшін мына байланыстар бойынша хабарласуға болады: Мирам Айсана, +7(778) 219-69-02 (WhatsApp қол жетімді), pr.kazfuca@gmail.com

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *