Закрыть

Закрыть

Тарихы

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернаты мен колледжінің тарихы

Бүгінгі  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернаты мен колледжінің іргетасы 1986 жылы қаланып, дарынды балаларға арналған Республикалық арнайы көркемсурет мектеп-интернат 26.06.88 жылғы Қазақ ССР Білім министрлігінің № 432 26.06.88 бұйрығы негізінде құрылды.
Мектеп-интернаттың алғашқы директоры болып Шымкент педагогикалық институтының түлегі Ұ.Ш. Ибрагимов тағайындалды. «Мектеп-интернат, колледж және жоғарғы оқу орны» ұстанымымен құрылған үш сатылы үздіксіз білім беру оқу орны Қазақстанда алғаш рет Ұлықбек Шарақынұлының тікелей бастамасымен ашылып, Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясының құрылымдық бөліміне айналды.
ҚР  03.06.91 жылы  № 6/2 Білім министрлігі коллегия шешімі бойынша Республикалық арнайы көркемсурет мектеп-интернат базасында Республикалық көркемсурет колледжі құрылды.
Т.Жүргенов  атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.12.01 жылғы №1619 қаулысы негізінде Қазақ Ұлттық өнер академиясына біріктіру арқылы қалыптасты.
Мектеп-интернат және колледж Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Колледждің мақсаты: білім алушылардың білім және өнер саласындағы кәсіби шеберліктерін жетілдіру және арттыру, құзіреттілікті меңгерген білікті маман даярлау, өнер арқылы халықтар арасындағы байланысты нығайту, сонымен қатар оқу бағдарламаларын үздіксіз дамыту болып табылады. Сонымен бірге, студенттердің интеллектуалды потенциалы мен адамгершілігі біз үшін ең алғашқы орында. Білім беру ісі ұлттық құндылықтарға, халықтық тәрбиеге, заманауи инновациялық технологияларға сай құрылған оқу-тәрбие ісі арқылы жүзеге асырылуда.

Міндеттері:

– Қазақстан Республикасының беделін таныту;
– Патриоттық тәрбиені дамытуды кешенді шаралар арқылы жүзеге асыру;
– Азаматтық белсенділікті қалыптастыру;
– Жас суретшілердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және жетілдіру;
– Мәдениет және білім қайраткерлері, ұстаздардың шығармашылық консолидациясын жоғарылату.

Мектеп-интернат (7,8,9 сынып) орыс және қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбын бітірген, бейнелеу өнері саласынан ерекше қабілеті бар және қабылдау емтихандарынан өткен балалар қабылданады. Оқу барысында оқушылар сурет, кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бойынша жалпы көркемдік білім алады.

Мектеп-интернат, колледж құрамында өз оқу ғимараты, 150 балаға есептелген интернат, медициналық пункт, егу бөлмесі,  2 асхана, 1акт залы, 1 би залы, 56000-ға жуық қоры бар кітапхана, 2 компьютер сыныбы, 5 интерактивті тақта, 19 жалпы пән сабақтарын өткізетін аудитория, 30 арнайы пәндерге арналған шеберхана оқушылар мен студенттерге толыққанды қызмет көрсетеді.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінде  жалпы 151  оқытушы  жұмыс істейді.
Оның ішінде мектеп-интернат, колледж бойынша жоғары біліктілік санатты 33 оқытушы , бірінші біліктілік санатты -21 оқытушы, екінші біліктілік санатты – 27.

Мектеп-интернат, колледждің кадрлық құрамы:  

– Педагогикалық ғылымдарының  докторы – 1
– Профессор – 3
– Ғылымдарының кандидаттары – 4
– Физика ғылымдарының кандидаты – 1
– ҚР Білім үздігі  – 8
– Ы.Алтынсарин атындағы белгі иегері – 5
– «Ерен еңбек үшін » медалі – 1
– ҚР Президентінің мақтау қағазы- 1
– ҚР Суретшілер Одағының мүшелері – 23
– ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі – 2
– ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2
– Мәдениет саласының  үздігі – 3
– «Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалі  иегері – 1
– ҚР БҒМ  Алғыс хаты – 6
– ҚР  БҒМ  Құрмет грамотасы – 4
– Театр қызметкерлері Одағының мүшесі – 1
– Лауреаттар – 5

Колледж оқушыларының даңқы республикадан асып, әлемдік деңгейлерде де абыроймен аты аталып келеді. Біздің оқушылар аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық фестивальдер мен конкурстарда додаға түсіп, топ жарып ерекшеленеді.
Өзінің құрылуынан бері 5000-нан астам түлек  ұшырып, қаншама буын ұрпағын тәрбиелеп шығарған киелі шаңырақтың ел тарихындағы алатын орны ерекше. Оқу орны тарихының жарқын бір көрінісі бейнелеу өнеріндегі жас суретшілердің шығармашылық мүмкіндіктерін айқындау,  өзін-өзі бағалай білуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастырған және қатысқан Халықаралық фестивалдары:
1. «Самғау – 2011» Халықаралық жас суретшілер фестивальі. 11.10.- 14.10.2011ж. Колледж ұжымы бойынша Капаков Т. 3 курс, Амангельдинов А. 2 курс, Сухих А. 3 курс, Орынғали А. 3 курс. Гран-при жүлдесін иеленді.
2. «Арт –Самғау -2013» Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Т.Жүргеновтің туылғанына 115 жылдығына арналған  «Сәндік және қолданбалы  өнер» номинациясы бойынша көркемсурет колледждер жас суретшілерінің ІІ  Халықаралық фестиваль –конкурс –практикумы «Еуразия – скиф сарыны».
3. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің түлегі, арнайы пән оқытушысы Абжанова Анар Сарыбекқызы Париж қаласында өткен “Еуропа ART” биеналиесінің жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Президентінің 9 желтоқсан 2014 жылғы қаулысы бойынша 2014 жылдың мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның және «Дизайн және көркем сурет өнері» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» жастар премиясының (сыйақысының) иегері.
4. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжінің «Актерлік өнер» мамандығының студенттері Болгарияда өткен «Болгария достары» атты  жастар мен студенттердің ХV Халықаралық шығармашылық фестиваліне қатысып, бас жүлдені иеленді.

Бүгінде білім ордасының қызметіне 26 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының мектеп-интернаты мен колледжі Тәуелсіз еліміздің орта буын жастарын өнерге баулитын  Қазақстан Республикасы ұлттық өнерінің дамуына үлес қосатын, кәсіби түрлі сайысқа түсе алатын, интеллектуалды және рухы жоғары дамыған орта буын мамандарын дайындауға өз үлесін қосып келе жатқан іргелі өнер ордасына айналды.
Ректор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің басшысы  Жұмахметова Зура Жұмахметқызы ұстаздардың шығармашылық өрлеуіне де қомақты үлес қосып отыр. Білікті ұстаздардың шетел және ТМД елдерімен байланыс жасауына, шығармашылық тұрғыда тәжірибе алмасып отыруларын ой тастап, өз септіктерін тигізуде.
Шығармашылық тәжірибе алмасу ұлттық өнеріміздің ұшталуына әрі әлемдік өнермен бәсекеге түсу үрдісінің бастамасы бола бермек. Дарынды, талғамы мол өнерлі шәкірттер тәрбиелеу – колледж ұстаздарының басты парызы.
Демек, қазақ өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан айтулы өнер ордасының жас ұрпаққа берері мол.