Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл сенім жастарға ерекше күш беретіні айқын. Еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Олай болса, бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары қандай әрекет етуде?
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі Президент саясатын қолдау мақсатында «Жастарға–сенім, болашаққа – үміт» атты колледжаралық мамандықтар жәрмеңкесі форумын 2025 жылдың 02-мамырында өткізді.
Форум қатысушыларына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледж басшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы ғалым Бөкебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. “Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда!”-деп сенім білдірді.
Форум аясында «Өз колледжіммен таныстыру» (номинация барысында бір мамандықты жарнамалау), «Қызығушылық алаңдары», «Тренинг», «Волейбол» жарысы өтті.
Форумға қатысушылар мен жетекшілерге мектеп-интернат, колледж басшысы Бөкебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы мен “AMANAT” партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы Сәбен Тынышқалы Төреғалиұлы сертификат пен дипломдар тапсырды.
Мамандық жарнамалау презентациясы бойынша №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі І орынды иеленді.
Волейвол жарысынан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі жеңіске жетті.
Форумның мақсаты – колледжаралық байланысты нығайту, өскелең ұрпақтың шығармашылық белсенділігін арттыру, елдік пен ерлік рухын шыңдау, намыс пен қайсарлық қасиеттеріне баулу.