21 қараша күні Елбасының “Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Бостандық ауданының колледждер арасындағы аудандық ІІІ “ЖАС ӨРКЕН” фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Фестивалдің мақсаты:
– дарынды жастарды тәрибелеу, Қазақстанның өнер және мәдениетін насихаттау;
– шығармашылық және орындаушылық шеберлікті арттыру;
– рухани құндылықтарды қалыптастыру, жоғары адамгершілік қасиеттерін насихаттау;
– жан-жақты тұлғаны дамыту;
– жастардың шығармашылығын іске асыруда, шеберлекте белестерге жетуі үшін жағдай жасау;
– колледждермен платформа құру үшін одан әрі тығыз ынтымақтастық құру;
– тәжірибе алмасу, әлемдік мәдениетті дамытудағы саясатты қолдау;
– патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу.