Закрыть

Закрыть
Жетістіктер > «ART – Самғау – 2023»

«ART – Самғау – 2023»

02.05.2023
VI Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің «ART – Самғау – 2023»  қашықтық фестиваль-байқауы
26-28 сәуір 2023 жыл
 
 Дәстүр бойынша үстіміздегі жылдың сәуір айының 26-28 күндері Алматы қаласындағы өнер ордасы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ұйымдастыруымен VI Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің «ART – Самғау – 2023»  қашықтық фестиваль-байқауы  Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы және Қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың 100 жылдығына арналып, қашықтықтан ұйымдастыру түрінде өтті.
Қашықтық Фестиваль-байқауы Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы, Т.Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясының  қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының беделін таныту, шығармашылықты қолдау, көркемсурет колледждері шәкірттерінің халықаралық деңгейде араласуы, жаңа таланттарды көрсету, жас болашақ кескіндемешілердің кәсіби деңгейін шыңдау, басқа елдердің мәдениетімен танысу.
Онлайн түрде (ZOOM платформасында) салтанатты қашықтық фестиваль-байқауының ашылу және жабылу шаралары өтті, сонымен қатар қатысушылар мен жеңімпаздар жұмыстары көрмесінің видеоролигі көрсетілді, онлайн құттықтаулар, колледж педагогтарының шеберлік сағаттар роликтері ұйымдастырылды және онлайн музыкалық салемдеме жолданды. 
Онлайн фестиваль-байқау 2 номинация бойынша ұйымдастырылды:
• Ұлттық натюрморт; 
• Халық ертегілеріне арналған иллюстрация.
«АРТ-Самғау 2023» қашықтық фестиваль-байқауына 5 елден – Болгария Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы Ресей Федерациясы  және Өзбекстан Республикасынан 72 қатысушы 11 оқу орнынан қатысты.
          Әр елден келген көркемсурет колледждерінің 73 дарынды шәкірттері өз туындыларын әділ қазы алқасына ұсынды. Тәуелсіз қазылар мүшелері,  ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткерлері, белгілі суретшілер үміткер туындыларының көркемдік деңгейіне, ойлау қабілетінің ерекшелігіне, композицияның аяқталғанына көңіл бөліп бағалады.
Тәуелсіз қазылар алқасының шешімі негізінде әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, құттықталды 
Бас жүлделер «Ұлттық натюрморт» номинациясы бойынша Өзбекстан Республикасының П.Беньков атындағы мамандандырылған өнер мектебі шәкірті Махамадсолихова Мадинаға, «Халық ертегілеріне арналған иллюстрация» номинациясы бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжінің шәкірті Усен Айымға бұйырды.
Лайықты І орынды Өзбекстан Республикасының П.Беньков атындағы мамандандырылған өнер мектебі, Ресей Федерациясы Новосібір облысының «Новосібір мемлекеттік көркемсурет колледжі» кәсіптік оқу орны, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжі, жас суретшілері әр номинация бойынша иемденді. ІІ орындарды Болгария Республикасы Пловдив қаласының «Ұлттық орындаушылық және экран өнерінің орта білім беру мектебі», Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжінің болашақ қылқалам иелері бөлісті. ІІІ орындарды Болгария Республикасы Казанлык қаласының Академик Д.Узунов атындағы Пластикалық өнер және дизайн ұлттық мектебі және Қазақстанның әр аймақтарынан келген қатысушылар бөлісті.
«Ең жас суретші» номинациясына Болгария Республикасы Пловдив қаласының Ұлттық орындаушылық және экран өнерінің орта білім беру мектебінен шараға қатысқан Месробович Марина ие болды. Қатысушылар және жетекшілер фестиваль Алғыс хаттарымен марапатталады. 
Жыл сайын аталмыш фестивальдің деңгейі жоғарылап  жатқанын айтып өту керек.  Бұл фестиваль – қатысушылардың шабыттарына  күшті екпін мен жалынды жігер береді деген сенімдеміз. Фестивалді ұйымдастыруға ат салысқан Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледж ұжымына білдіретін алғысымыз шексіз. Жас үміткерлердің дарынды қабілеттері арқылы  отандық бейнелеу өнеріне болашақта өз үлестерін қосатындарына кәміл сенеміз. 
Фестиваль-байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
 
Ұйымдастыру комитеті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *