Закрыть

Закрыть
News > Құрметті ата-аналар және колледж студенттері!

Құрметті ата-аналар және колледж студенттері!

07.09.2020

Академия колледжіне 2020-2021 оқу жылына түскен студенттер, білім беру қызметтерін көрсету келісімшартына тұру үшін, келесі әрекеттерді орындауы қажет:

1. http://college.kaznai.kz/ сайтының басты парағында «КЕЛІСІМШАРТ» («ДОГОВОР») қосымшасын таңдап, содан кейін тізімнен сіздің мамандығыңызға және оқу формаңызға сәйкес келісімді таңдап, сілтеме бойынша өтіңіз.

2. Келісімшарт құжатын жүктеп алыңыз, басып шығарыңыз (2 данада), келісім шартпен танысыңыз және жеке куәлікке сәйкес студенттің және ата-анасының (заңды өкілінің) деректерің көрсете отырып толтырыңыз.

Ескерту: келісімшарт көк қаламмен, қатесіз, нақты қолжазбамен толтырылуы керек.

3. Екі данада толтырылған келісімшарт құжатын  және келісімшарттағы ақы төлеу кестесіне сәйкес, оқу ақысы төленгені туралы түбіртектің көшірмесін (ақылы білім беру формасы үшін) 7-20 қыркүйек аралығында EMS-поштасы арқылы жіберіңіз:

Пошталық мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, 28 кабинет

Сұрақтарыңыз болса, телефон арқылы хабарласыңыз:

8/727 / 272-01-83

Электрондық пошта:dogovor_kaznai_2020@mail.ru

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *