Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > «THE PLANET OF ART – 2022»

«THE PLANET OF ART – 2022»

03.10.2022

2022 жылғы 29 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART 2022» Халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.

            1947 жылы Жапонияда пайда болған Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтық қозғалысының бөлігі болып табылатын Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы 2009 жылғы сәуірде құрылды және Қазақстан Республикасының өскелең ұрпағын қолдау және дамыту арқылы ЮНЕСКО идеалдары мен құндылықтарын ілгерілету бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында  175-ге жуық ЮНЕСКО  клубтары жұмыс істейді, олардың мүшелерінің жалпы саны 17000 адамнан асады, олар 17 облыстың 50-ден астам қаласы мен 23 ауылында орналасқан. Ұйым ЮНЕСКО қызметінің үш негізгі бағыттары: шығармашылық білім, мәдени мұра және тұрақты даму аясындағы ірі бағдарламаларды іске асырады.

            Ағымдағы жылдың «Тhe Planet of ART – 2022» көркемдік циклі Жібек жолы феноменінің көп қырлы мұрасын жан-жақты зерттеуге арналған және Қазақстандағы балалар жылын, Қазақстанның ЮНЕСКО-ға кіруінің 30 жылдығы мен Клубтық қозғалыстың 75 жылдығын мерекелеу аясында өтуде.

“Жібек жолы: мәдени мұра”, “Жібек жолы: инновациялар” және “Жібек жолы: Халықтар Достығы” номинациялары бойынша жобаға 8000-нан астам бала қатысты. Қатысушылар әлемнің түрлі елдерінен 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жастарды қамтыды.

            Фестивальдің финалдық бөлігі әлемнің түрлі елдерінен келген 45 жеңімпазды біріктіріп, оларды Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында таңғажайып бағдарлама күтіп тұрды. Балаларға Қазақстан Республикасының жетекші педагогтары мен және өнер қайраткерлерінің шеберлік сыныптары мен тренингтерінен өтуге бірегей мүмкіндік берілді. Бағдарламаның бірінші күні, 2022 ж. 29 қыркүйегi күнi  сағат 18:00-де М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жоба финалистерінің жұмыстарының көрмесі, фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және фестивальдің музыкалық циклі жас лауреаттарының қатысуымен керемет концерт өтті.

            Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындарына жобаның музыкалық циклі лауреаттарының үздік нөмірлері көрсетілді, олар осы жылдың жазында еліміздің батысындағы “The Planet of ART” фестивалінің финалы кезінде бейбітшілік тақырыбында таңғажайып концерт ұсынған болатын. Шығармашылық пен өнерді біріктірген бұл жоба жастардың санасында бейбітшілік пен жақсылық идеяларын нығайтудың ортақ мақсатына қол жеткізуде әртүрлі мәдениеттер мен жанрларды біріктірді.

            Іс-шара бағдарламасының маңызды оқиғаларының бірі “The Planet of ART – 2022” фестивалінің финалистері мен жеңімпаздарының 500-ге жуық жұмыстары енген “Жібек Жолы Мұрасы” балалар шығармашылығының тақырыптық альбомын шығару және таныстыру болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *