Закрыть

Закрыть

Мектеп-интернат

Экзамен нәтижелері

Бағалау критерий- Мектеп

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!

Қабылдау емтихандары 16 маусым – 20 маусым аралығында
кесте бойынша (college.kaznai.kz сайтында, kaznai.college.kz
Instagram парақшасында)

Қабылдау емтихандарына түсушілер сағат 08:30 мектепинтернатқа топтар бойынша КІРГІЗІЛЕДІ

ЕСКЕРТУ:
1. Өзімен бірге кеңсе құралдары болуы қажет (тізімі сайтта берілген);
2. Емтихан аудиториясына ұялы телефонмен кіргізілмейді, телефондар кезекшілерге тапсырылады.
3. Емтиханға киетін киім нысаны: классикалық
(спорттық формада, джинсы, шорты, шлепкада емтиханға
жіберілмейді!)

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНА (көркемсурет бағыты бойынша)
2023-2024 оқу жылына 7 сыныпқа оқушыларды қабылдау:

І тур – Іріктеу туры:
– іріктеу туры 1 маусым – 14 маусым

      Талапкер А3 форматында шығармашылық жұмыстарын дайындап, барлығы 10-12 жұмыс (сурет 4, кескіндеме 4, үйлестіру 4 жұмыс) көрсетеді;
1 маусым – 14 маусым консультация кесте бойынша (сурет,кескіндеме, үйлестіру);
– сайтта бейнеконсультациялар (бейнесабақтар);

ІІ тур – ҚАЛЫПТЫ режимде:

– І турдан өткендер құжаттарын қабылдау комиссиясына тапсырады, құжаттарды
қабылдау қалыпты режимде 1 маусым–15 маусым аралығында;
– қабылдау емтихандары (сурет,кескіндеме,үйлестіру) 16 маусым – 20 маусым

Қабылдау емтихандарына талапкерлер топ бойынша (топ тізімі
сайтта болады) 16-20 маусым аралығында сағат 08:30 бастап
Ә.Кекілбайұлы көшесі, 133 адресіндегі мектеп-интернатқа
ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА кіргізіледі.

– конкурс 23 маусым 2023 ж.
қабылдау (түскендер тізімі) 25 маусым сайтқа шығады

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар:
(іріктеу турынан өтіп, рұқсат алғаннан кейін)

1. ата–ананың өтініші;
2. баланың туу туралы куәлігі, ЖСН (2 көшірме);
3. 1-6 сыныптағы оқу үлгерімі жөніндегі табельдері (директор қолы, мектеп
мөрімен бекітілген көшірмелері);
4. медициналық анықтама №075/у (ФГ қажет емес), 026/у-3 (денсаулық паспорты)
5. 3х4 көлеміндегі фото – 4 дана ;
6. қабылдау емтиханына рұқсат қағазы.

Сұрақтар бойынша телефондар: 8/727/395-12-43 (1 маусымнан бастап)
                                                              8/727/395-12-49 (жұмыс уақытында)

Сайт: college.кaznai.kz (мектеп-интернат талапкері бөлімі)
Instagram: кaznai.college.kz
Қабылдау комиссиясы

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
мектеп-интернатына 2023-2024 оқу жылы түсуші талапкеріне
қойылатын ІРІКТЕУ ТУРЫ өлшемдері мен талаптары

Іріктеу турына талапкерлер 15-20 жұмыс ұсынады:

Сурет 5-7 жұмыс, формат А4, А3. Талапкерлер өз жұмыстарында
суреттегі бастапқы дағдыларды, академиялық негізді (тұрмыстық
заттардың бейнесін, симметрияны, пішіннің сипаты, көлемін тонмен
жеткізе алу) көрсетеді. Кез-келген графикалық материалдарда
(қарындаш, гелий қалам) жасалған қысқа мерзімді этюдтік сипаттағы
жұмыстар, сондай–ақ штрихтеу техникасындағы ұзақ мерзімді
қойылымдар – натюрморттар.

Кескіндеме 5-7 жұмыс, формат А4, А3. Сондай-ақ, кескіндеме
бойынша абитуриент өз жұмыстарында бастапқы білімін, меңгеруін,
түсінуін және нысаның бейнесін түс пен реңмен көрсетеді (тұрмыстық
заттардың бейнесін жылы және суық түстермен пішінін, көлемін
сипатын жеткізе білу). Акварельде жасалған қысқа мерзімді этюдтер,
ұзақ мерзімді қойылымдар. Акварельмен жұмыс істеудің қарапайым
іскерлік пен дағдыларын меңгеру.

Композиция 5-7 жұмыс, формат А4, А3. Шығармашылық жұмыстарда
талапкер тақырыптық композицияны орындай білу, мағынасын,
идеясын жеткізе білу, тақырыпты мәнерлі түс гаммасында аша білу
қабілеттерін көрсетеді. Аралас материалдар (түрлі-түсті қарындаштар, гелий қаламдар, акварель, гуашь).

Өз суреттері арқылы талапкер өз шығармашылық ықтималын,
табиғи деректерін көрсетеді.

10.04.2023 жылғы кезектен тыс педагогикалық Кеңесте қаралды және
№ 4 хаттаманың шешімімен бекітілді.

Егер талапкер іріктеу кезеңінен өткен болса, онда тиісті
құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырады және түсу
емтихандарына қол жеткізе алады.

Мектеп бойынша:
2023-2024 оқу жылында аймақтан келген барлық мектеп оқушылары интернатпен толық қамтамасыз етіледі. Алматы қаласында тұратын оқушылар интернатқа қабылданбайды.

Колледж бойынша:
 1, 2 курсқа бюджеттік бөлімге қабылданған, алыс аймақтардан келген студенттерге интернатта оқушылардан қалған орындар бірінші кезекте беріледі, сосын ақылы бөлімге түскен алыс аймақтардан келген студенттерге бөлінеді;
 1, 2 курс студенттері интернатта тамақпен қамтамасыз етілмейді;
 3 курс студенттеріне интернаттан орын берілмейді;
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурызындағы №320 Қаулысының 2-тармағы бойынша жетім балаларға интернаттан орын және тегін тамақ беріледі.

CALL CENTER
8/727/395-12-43