Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > “Арт-Самғау 2021”

“Арт-Самғау 2021”

28.04.2021

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің ұйымдастыруындағы V Халықаралық өнер колледждері аралығындағы жас суретшілердің «ART – Самғау – 2021»  қашықтық фестиваль-байқауының онлайн салтанатты ашылу рәсімі 27 сәуір 2021 жылы  сағат 14:00-де  ZOOM платформасы арқылы өтті.

Аталмыш фестиваль Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында, ҚазақССР Халық суретшісі, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Абылхан Кастеевке арнап ұйымдастырылуда.

Халықаралық Фестивальді ресми түрде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы ашып, қатысушыларды құттықтады.

Сонымен қатар, Т.Жүргенов   атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледж басшысы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері  Жумахметова Зура Жумахметовна, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Вице-президенті Аязбаев Серкен Кенесович және атақты суретші Әбілхан Қастеевтің  қызы, мектеп-интернат, колледж педагог-зерттеушісі,  Ерең еңбегі үшін медалінің иегері, ҚР білім беру үздігі, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Кастеева Гульназия Әбілханқызы жас суретшілерге құттықтау жолдады.

Қашықтық фестиваль-байқауы жаңа дарындарды ашуға, кескіндеме өнерін сүйетін жас жеткіншектердің кәсіби шеберлігін шыңдауына қосымша мүмкіндіктер туғызу, олардың отандық және әлемдік тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында Пейзаж  «Туған өлке» және Қалалық сәулеттік пейзаж бойынша ұйымдастырылып отыр.

«АРТ-Самғау 2021» қашықтық фестиваль-байқауына  6 елден (Қазақстан Республикасы, Армения Республикасы, Болгария Республикасы,  Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы  және Өзбекстан Республикасы)  71 қатысушы 13 оқу орнынан қатысып отыр:

Қазақстан Республикасы  Алматы қаласы,

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі;

Орал Таңсықбаев  атындағы Алматы сәндік – қолданбалы өнер колледжі;

Алматы полиграфия колледжі;

Шымкент қаласы, Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі;

Көкшетау қаласы, “Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжі” ;

Армения  Республикасы  Алаверди қаласы, Алаверди мемлекеттік қолөнер училищесі;

Болгария Республикасы Казанлык қаласы,

Академик Д.Узунов  атындағы Ұлттық пластикалық өнер және дизайн мектебі;

«Кескіндеме» балалар көркемсурет клубы;

Пловдив қаласы, Орындаушылық және экрандық ұлттық өнер гимназиясы, музыка, би және бейнелеу өнері Академиясы;

Қырғыз Республикасы Бишкек қаласы, С.А.Чуйков атындағы Қырғыз Мемлекеттік көркемсурет училищесі;

Ресей Федерациясы  Новосібір қаласы, Ұйым Новосібір облысының мемлекеттік дербес кәсіптік білім беру мекемесі “Новосібір мемлекеттік көркемөнер училищесі (колледж)»;

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы, П.Беньков атындағы Республикалық мамандандырылған көркемсурет мектебі және Ходжаев атындағы Республикалық дизайн мектебі.

Фестиваль-байқаудың салтанатты ашылу іс-шарасы аясында қатысушы жас суретшілердің видео-көрмесі және фестиваль видео-ролигі көрсетілді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *