Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > #ҰЛАҒАТТЫҰСТАЗДАРҒАМЫҢ_АЛҒЫС!!!

#ҰЛАҒАТТЫҰСТАЗДАРҒАМЫҢ_АЛҒЫС!!!

02.03.2021

#АЛҒЫСАЙТУКҮНІҚҰТТЫБОЛСЫН!!!

#ҰЛАҒАТТЫҰСТАЗДАРҒАМЫҢ_АЛҒЫС!!!

Т.Қ.Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледдінің “Актерлік өнер” мамандығының 2 курс 4 топ студенттері #Алғысайтукүнімен пәк жүректерімен барша ұстаздар қауымына алғыс айтады!
Кураторы: Гульбану Байзакова

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі.
Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Сондықтан бұл күнді тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу және қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақтастықты және өзара көмек көрсетуді қолдау мен рухани дәстүрлер күні деп түсіну қажет.
Осы орайда баршаңызды 1-наурыз алғыс айту күнімен 2/4 топ құттықтаймыз!!!

#алғысайтукүні❤❤❤
#құтты_болсын🥰🥰🥰
#kaznai_kollege🇰🇿🇰🇿🇰🇿
#актерлік_өнер🎭🎭🎭

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *