Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > 2021 жылдың 22 қазанында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернат оқушылары арасында дене дайындығынан нормативтер тапсырудан жарыс өтті .

2021 жылдың 22 қазанында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернат оқушылары арасында дене дайындығынан нормативтер тапсырудан жарыс өтті .

01.11.2021

2021 жылдың  22 қазанында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернат оқушылары арасында дене дайындығынан нормативтер  тапсырудан жарыс өтті . Жарысқа 7 а,б,в, 8а,б,в, 9а,б,в сыныптарынан 2  ұл, 1 қыздан қатысты. Бағдарламада: 3х10м қайталап жүгіру,  қолға таянып, шынтақты бүгіп-жазу,  ұлдар-кермеде тартылу,  қыздар-шалқадан жатып, денені көтеру, бір орыннан екі аяқпен ұзындыққа секіру, иілу түрлерінен болды.  Жарыстың барлық түріне қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушылар, тиісті мақтау қағаздары және медалдармен марапатталды. Жарысты ұйымдастырған дене шынықтыру оқытушылары: Есенбаева Р.К, Казыбаев С.К, Тулеуишов А.Р, Утеулина М.С.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *