Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > «Ашық сабақ»

«Ашық сабақ»

12.12.2022

2022 жылы 8-желтоқсанда мектеп-интернат, колледжінде сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына байланысты 1 курс студенттері қатысуымен «Ашық сабақ» өтті.  Ашық сабақты колледж кітапханашылары және тарих пәнінің мұғалімі Мусабекова К.А. бірлесіп өткізді. Колледж кітапханашылары Ғазиза Жұбанованың шығармалары мен өмірбаяны жазылған кітаптар негізінде  тақырыпты көрме ұйымдастырды. Студенттер өз қолдарымен сәтті бейнелеген Ғазиза Жұбанованың портретін көрмеге ұсынды.

Сабақта сазгер, зерттеуші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері болған Ғазиза Жұбанованың өмірі, шығармашылығы туралы ролик көрсетілді. Сабақ барысында студенттер «Kahoot.it»  білім беру ойын алаңында сұрақтарға жауап беру арқылы бағаланды. Ашық сабақ мағыналы, қызықты өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *