Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Мақатаев

08.02.2024

2024 жылдың 07 ақпанында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің оқу театрында қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту мақсатында музыкалық кафе ұйымдастырылды. Жаңа форматта өткізілген кеш ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім, – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады. Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *