Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бейімбет Қабылдаұлы Қожабаевпен «Опера – менің өнердегі бойтұмарым» атты әдеби-сазды рухани кездесу кеші өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бейімбет Қабылдаұлы Қожабаевпен «Опера – менің өнердегі бойтұмарым» атты әдеби-сазды рухани кездесу кеші өтті.

05.04.2018

 Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың  4 сәуірінде Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  Ұлттық  өнер  академиясы, колледж акт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Каир (Египет) консерваториясының профессоры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті, Құрмет орденінің иегері Бейімбет Қабылдаұлы Қожабаевпен  «Опера – менің өнердегі бойтұмарым» атты әдеби-сазды рухани  кездесу  кеші өтті.

  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала аясында рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту аясында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуге байланысты ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтау арқылы  жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында іс-шара ұйымдастырып отырмыз. Шара аясында Абай атындағы опера және балет театрының әншілері  өнер көрсетті.

  Кездесу барысында Т. Жүргенов атындағы Қазақ  Ұлттық  өнер  академиясы мектеп–интернат, колледж басшысы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Жумахметова Зура Жумахметовна құттықтау сөздерін жолдады.

  Бейімбет Қабылдаұлы Қожабаев өскелең жастарға өз халқының тарихына және рухани қазынасын, ұлттық мәдениеті мен әдеп – ғұрпын, салт – дәстүрлерін, жан-жақты білу қажеттілігін насихаттады және өзінің шығармашылық жолдарын айтып, А. Карибаев «Жиырма бес» әнін, Ф. Шаляпин «Прощай радость жизнь моя» әнін орындады.

111

222

333

444

555

666

777

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *