Закрыть

Закрыть
Жаңалықтар > Ауған және Тәжікстан ұрыс қимылдарының ардагерлерімен кездесу

Ауған және Тәжікстан ұрыс қимылдарының ардагерлерімен кездесу

13.02.2024

12.02.2024ж. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінде Ауған және Тәжікстан ұрыс қимылдарының ардагерлерімен «Ел намысын ер қорғайды, ер ерлігін ел қолдайды…» атты кездесу кеші өтті. Бүгінгі кездесудің мақсаты Ауған және Тәжік соғысы жайлы тереңірек біліптану, мәлімет алу. Ержүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі ету. Кешіміздің қонақтары: Республикалық ардагерлер – шекарашылар қоғамдық бірлестігінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша «Застава тарландары» шекарашылар қоғамдық бірлестігінің филиалының төрағасы, қосалқы (запаса) Полковник ДУБОВ АЛЕКСАНДР БОРИСОВИЧ; Полковник Ертышпаев Қазақпай Зейнулович (Құрметті шекара ардагері, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы); Подполковник Сакебаев Ерлан Ташкенович… (Құрметті шекара ардагері, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы); Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің АӘДТ пәнінің педагогі, Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагері қосалқы майор- Абуов Нурхан Мырзатаевич. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып, еске алдық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *