Закрыть

Закрыть
Новости > АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

06.11.2020

Құрметті әріптестер!

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының колледжі сіздерді 2020 жылдың 25 қараша күні ҚазССР Халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Қаз ССР Мемелекеттік сыйлықтың иегері Әбілхан Қастеевтің шығармашылығына арналған «Ә.Қастеевтың бейнелеу өнеріндегі мұрасы» атты Халықаралық ғылыми–практикалық қашықтан (онлайн)конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.

Іс-шараға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, магистранттар, студенттер және басқа қызығушылық танытқан тұлғалар қатыса алады.

Келесі бағыттар бойынша баяндамалар ұсынуға болады:

  1. Театр  өнері;
  2. Қолданбалы сәндік және бейнелеу өнері;
  3. Жалпы гуманитарлық пәндер;

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Баяндама мәтіні түпнұсқа ретінде қабылданып, редакторлық жөндеуге түспейді. Белгіленген уақытынан кеш жіберілген, көрсетілген талаптарға сай келмейтін баяндамалар жарияланбайды және кері қайтарылмайды.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2020 жылдың 20 қарашасына дейін конференция координаторына жіберу қажет:

1. Ұсынылатын нысан бойынша қатысуға өтінім (1- қосымша).
2. Баяндама мәтіні.

  Файлдарды бірінші автордың аты-жөнімен және секция санымен атау керек, мысалы: «Ескендіров, 3 секция». Бір файлда тек бір мақала болуы шарт.           

Бір мақаланың авторлар саны 3 адамнан аспауы керек.

Конференцияның өту түрі: қашықтан (онлайн)

Мақала жарнасы 3000 тенге, 2020 жылдың 20 қарашасына дейін конференция координаторына жіберу қажет

Координатор:  

Жармышева Гульнур Кабдолдановна 87017424867, 87479820689
gulnur.kabdolda@mail.ru

МАҚАЛАНЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *