Закрыть

Закрыть
News > Есім Жүкеұлы Сегізбаев

Есім Жүкеұлы Сегізбаев

26.11.2018

%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d1%8b%d0%bc%d1%8f%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d0%b9

Актер, режиссер, аудармашы, диктор, дубляж өнерінің майталманы, Қазақстан Республикасы театр қайраткерлер одағының мүшесі, ұлағатты ұстаз, Қазақ ұлттық өнер академияның профессоры

Есім Жүкеұлы Сегізбаев

   Есім Жүкеұлы Сегізбаев Көкшетау облысы Рузай ауданы Сарыадыр ауылында 1937 жылы 14 сәуірде дүниеге келген.

  • 1958 жылы Щучинск қаласындағы алтын-платина Тау-кен техникумын бітірген.
  • 1958- 1961 жылдары әскер қатарында болды.
  • 1961-1963 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын кино және драма актері мамандығы бойынша бітірген.
  • 1965-1978 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында жемісті еңбек етті.
  • 1978 жылдан негізгі кәсіби мамандығы «Актер шеберлігі» пәнінен Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор лауазымдарын атқарды.

Қазіргі таңда Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры. Ұстаздық қызметімен қоса Т.Жүргенов атындағы академияның тәрбие ісі жөніндегі проректоры, ғылыми кеңесі хатшысы, театр факультетінің деканы, оқу театрының директоры жұмыстарын атқарған.

  • 1978 жылдан бүгінге дейін Есім Жүкеұлы негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерлерінің 13 тобын оқытып шығарды (200-тен астам шәкірттер). 15 дипломдық спектакль қойды, одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері, Астана мен Алматыда, ҚР-дің барлық театрларында, радио-телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етеді.
  • Шәкірттерінің ішінде: 12 (Қазақстанның халық әртісін), 1 (Қытай халық әртісін), 1(ҚР Мемлекттік сыйлығының иегерін), 14 (Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлерін), 30-ға жуық (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер мен мәдениет қайраткерлері) бар.
  • «Қысқаша орысша-қазақша театр терминдерінің түсініктеме сөздігі», «Украинша –қазақша сөздіктері» авторы, «Қоюшы-педагогтың дипломдық спектаклмен жұмыс істеуі» т.б. ғылыми-методикалық еңбектері бар, жоғары және орта өнер оқу орындарына арналған «Актер шеберлігі пәнінің типтік бағдарламаларының»  авторлар ұжымының бірі және аударылған оперетталары, Оқулық –көрнекі құралдары бар.

Еңбек жолында әр жылдары жоғары марапаттарға ие болды:

1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туылғанына 100 жыл» медалі

1983 жылы «Еңбек ардагері» медалі

1996 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» деген құрмет белгісі

1997 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен

2000 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен

2001 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі

Президент жарлығымен «Құрмет» ордені

ҚР Мәдениет саласының Үздігі медалі

2015 жылы «Ұлы отан соғысына 70 жыл» медалі

Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалі

«Ы.Алтынсарин»құрметті педагогикалық төсбелгімен  марапатталған.

Актер, режиссер, аудармашы, диктор, дубляж өнерінің майталманы, Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлер одағының мүшесі, ұлағатты ұстаз, Қазақ ұлттық өнер академияның профессоры

Есім Жүкеұлы Сегізбаевты

ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 2018 жылдың 26 қараша күні сағат 10:00- де Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында өтті.

Мәңгілік сапарға шығарып салуға Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайтаркері, PhD докторы, профессор А.М.Маемиров, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Е.Н.Обаев,  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.Б. Құлбаев, Алматы қаласының мәдениет және архивтер басқармасының басшысы Х.А.Есенова, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Сексенбаев А.Ж., театрдың актерлері Н.Өтеулов, Қ.Қыстықбаев және т.б. қоғам, өнер қайраткерлері қатысты.

2ed3fc9f-7980-4b1d-b7f8-a0c669cfebaa

5b334e8f-5b0c-417b-8466-b9421b1a1db5

8f3d99a1-9ff2-4e58-9f3e-8060b364face

a19bde49-5f86-4bf8-a39a-6d7ddc203624

ae4dbadc-64ac-4fb1-bf65-8e3b522000a8

f9c2d7ed-1aa8-47de-8e10-b827534c05ff

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *