Балаларға интернатты өз үйіндей көруге үйрету мақсатында 17 қазан 2018 жылы интернатта «Интернат менің өз үйім» атты дәстүрлі ашық тәрбие сағаты өтті.Тәрбе сағатының мақсаты: оқушыларды бірлікке, өз Отанын сүюге, жүрген жерін сыйлауға – тәрбиелеу, достасып өмір сүруге, отбасындағы алған тәрбиесін интернат тәрбиесінде арқау етуге тәрбиелеп бағыт – бағдар беру, адамгершілікке, әдептілікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдәттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Іс шара барысында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп–интернат, колледж басшысы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Жумахметова Зура Жумахметовна және ата – аналар комитетінің төрайымы Жұмабаева Гүлнар құттықтау сөздерін жолдады.