Закрыть

Закрыть
News > Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

26.06.2020

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжі

2020-2021 оқу жылына КОЛЛЕДЖГЕ қабылдау онлайн (9 сынып бітіргендер):

  • Іріктеу комиссиясы онлайн  20 маусым – 20 шілде
  • Құжаттар қабылдау онлайн 20 маусым – 20 шілде:
  • Қабылдау емтихандары  ОНЛАЙН өтеді 21 шілде – 28 шілде 2020ж. 
  • Емтихан тапсыру кестесі мен алгоритмі 10 шілдеде сайтқа шығады.

           Көркемсурет мамандықтарына талапкер А3 форматында шығармашылық жұмыстарын (сурет, кескіндеме, үйлестіру жұмыстары – минимум 12-15 жұмыс) сканерлеп немесе суретке түсіріп әр мамандық бойынша электрондық пошталарға жіберу керек. Іріктеу комиссиясынан өткен талапкерге  рұхсат қағазы мен өтініш үлгісі жіберіледі.

* «Кескіндеме, мүсін және графика» мамандығы (станокты кескіндеме, станокты графика, анимациялық графика, мүсін) мамандандыруы  бойынша   jis_priem@mail.ru электрондық поштасына;

* «Дизайн» мамандығы (киім дизайны, интерьер дизайны, графикалық дизайн) мамандандыруы бойынша dizain_priem@mail.ru электрондық поштасына.

* «Сәндік-қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік» мамандығы (көркем тоқыма, металды көркемдеп өңдеу, ағашты көркемдеп өңдеу) мамандандыруы бойынша dpi_priem@mail.ru электрондық поштасына;

Актер мамандығына:

* «Актерлік өнер» мамандығы (музыка театрының әртісі) мамандандыруына талапкер  талапқа сай вокал, актерлік шеберлік, сахна тілі  пәндері бойынша шығармашылық жұмыстары бойынша видеожазылымдағы портфолио Priem_college@mail.ru электрондық поштасына 20 маусым-20 шілде жіберу керек;

Іріктеу комиссиясынан өткен талапкерге  рұхсат қағазы мен өтініш үлгісі жіберіледі.

Әр пән бойынша бағалау критерийлері college.кaznai.kz сайтында.

– құжаттарды қабылдау онлайн түрінде 20 маусым – 20 шілде  аталған электронды пошталар арқылы;

– онлайн консультациялар сайтта (видеосабақтар);

Құжаттарды онлайн қабылдау 20 шілде сағат 18:00 тоқтатылады,

талапкер құжаты толық болмаса емтиханға жіберілмейді!

Қабылдау (түскендер тізімі) 21 -25 тамыз 2020ж. сайтқа шығады

Барлық ақпарат сайт – college.кaznai.kz, Instagram – kaznai.college.kz

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізімі (барлық мамандықтар үшін):

(іріктеу комиссиясынан өтіп, рұқсат алғаннан кейін)

1. Талапкерлердің өтініші;

2. Негізгі мектепті бітіру туралы аттестат

3. Жеке куәліктің (туу туралы куәлік, ЖСН) көшірмесі

4. № 086 у  үлгісіндегі  медициналық анықтама ФГ көшірмесімен бірге

5. 3х4 көлеміндегі  фото – 1 дана ;

Сұрақтар бойынша телефондар: 8/727/395-12-48, 87074230083,  87714145475,  87079192094

26 маусым 2020 ж.                                                             Қабылдау комиссиясы  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *