“Жылқыда да жылқы бар – қазанаты бір бөлек, Жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек” демекші, еліне елеулі, халқына қалаулы ер-азаматтар, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, баянды бақыт тілейміз! Өнер мен мәдениет саласының өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс тілейміз!
Шығар шыңдарыңыз әрқашанда зеңгір көктей биік, мерейіңіз Алатаудай асқар болғай!
Сіздерді 03.05.2019 ж. сағ. 16.00-де акт залында болатын ұстаздардың дәстүрлі мерекелік құттықтау кешіне шақырамыз!