Закрыть

Закрыть
News > Колледж студенттерінің аралығындағы қашықтықтағы театр фестивалінің ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Колледж студенттерінің аралығындағы қашықтықтағы театр фестивалінің ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

30.04.2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

КОЛЛЕДЖ

Ақпарат

Ұлы  ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдық  мерейтойына арналған   III Халықаралық   «Жас-Art 2020» колледж  студенттерінің аралығындағы қашықтықтағы театр фестивалі 2020 жылдың 26 – 29 сәуірінде ұйымдастырылды.

Қашықтық түріндегі театр фестивалі «Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқу» және «Спектакль» номинациалары бойынша өтті.

Фестиваль аясында «Ұлы Абайдың өсиеті» тақырыбында өнер қайраткерлерінің, студенттердің онлайн қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Фестивальдің мақсаттары:

  • Қазақстанның өнері мен мәдениетін болашақ ұрпаққа насихаттау, дарынды жастарды тәрбиелеу, ұлы ойшыл, ақын,  композитор Абай Құнанбайұлының шығармашылығын  насихаттау; отансүйгіштікке, ұлтты Абайша сүюды үйрету, тәрбиелеу;
  • ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейлерін көтеру;
  • дарынды жастардың орындау шеберлігінің шыңдалуына, өнер қанатын кеңге жайып, көпшіліккке кеңінен танылуына мүмкіндік жасау;
  • жастардың эстетикалық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын дәріптеуіне ықпал ету;
  • әр елдің актерлік мектептерінің дәстүрімен таныстыру.

Қашықтықтағы  театр фестиваліне 6 оқу орнынан 2 номинация бойынша  101 студент қатысты.

Фестиваль ақпараты college.kaznai.kz сайтында, Instagram, Facebook, youtube әлеуметтік желілерде жарияланады.

«Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқу» номинациясы бойынша:

  1. Т.Жүргенов   атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер академиясы колледжі, Алматы қаласы;
  2. Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық   колледжі. Тараз қаласы ;
  3. Ж.Елебеков  атындағы  Республикалық  эстрада-цирк  колледжі, Алматы қаласы.

«Спектакль» номинациясы бойынша:

  • 1. Пловдив қаласы сахналық және аудивизуальдық өнерлері Ұлттық гимназиясы /Национальная гимназия сценических и аудиовизуальных искусств/, Болгария, Пловдив қаласы;
  • 2.Т.Абдумомунов атындағы Кыргыз Ұлттық академиялық драма театрының жанындағы театр училищесі, Бишкек қаласы;
  • 3.Ақан  Сері  атындағы  Көкшетау  жоғары  мәдениет коледжінің 
  • «EL_jastar»  экспериментік  лабораториялық жастар  театры;
  • 4.Т.Жүргенов   атындағы   Қазақ  ұлттық  өнер академиясы колледжі;
  • 5.  Елебеков  атындағы  Республикалық  эстрада-цирк  колледжі;
  • 6. Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық   колледжі. Тараз қаласы.

Қазылар алқасы

«Абай Құнанбайұлы шығармаларын оқу» номинациясы:

  • 1. Ахманов Мұрат Ноянбайұлы –  ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, кино және театр актері;
  • 2.Көлжан Отар-Алы Өтепбергенович –  ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, театр және кино актері;
  • 2.Нугманова Хазима Мулхановна – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, кино және театр актрисасы.

 «Спектакль» номинациясы:

  • 1.Базаркулов Данияр Жоламанович –  театр және кино актері, режиссер, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, халықаралық  фестивальдардың лауреаты;
  • 2.Камаранов Бейбіт Мұратбекұлы – ҚР Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Ғ.Мүсірепов ат.балалар мен жасөспірімдер театрының актеры;
  • 3.Байзакова Гульбану Рахманбердиевна – Актер шеберлігі пәнінің оқытушысы, магистр,  кино актрисасы.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *