Бүгін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледж ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфир арқылы көріп, тыңдап, Мемлекет басшысының жаңа Қазақстан құру, ҚР конституциясына өзгерістер енгізу, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құру және Алматы облысының орталығы болатын Қапшағай қаласының атауын Мемлекетіміздің Ұлы қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың атын беру туралы біраз өзгерістерін естіп, бірауыздан қолдауларын білдірді.
Жолдауда көрсетілген мәселелердің халық көкейінен шығатынына сенімдіміз!
Президентіміздің жаңа Қазақстан құрудағы бастамаларына сәттілік, толағай табыстар тілейміз!